Хадис

Кутуб ситтә, № 1837

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
242. Сапарда оқылатын дұғалар
Нөмірі
№ 1837 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 5
1837
Кутуб ситтә, № 1837 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْن عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا أَقْبَلَ اللَّيْلُ عَلَيْهِ فِي السَّفَرِ قَالَ: يَا أَرْضَ رَبِّي وَرَبُّكِ اللَّهُ، أَعُوذُ بِاللَّهِ مِنْ شَرِّكِ وَشَرِّ مَا خُلِقَ فِيكِ، وَشَرِّ مَا يَدِبُّ عَلَيْكِ. أَعُوذُ بِاللَّهِ مِنْ أَسَدٍ وَأَسْوَدَ، وَمِنَ الْحَيَّةِ وَالْعَقْرَبِ، وَمِنْ سَاكِن الْبَلَدِ، وَوَالِدٍ وَمَا وَلَدَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. «وَالْمُرَادُ بِسَاكِنِ الْبَلَدِ» الْجِنُّ، لِأَنَّهُمْ سُكَّانُ الْأَرْضِ. «وَبِالْوَالِدِ» هُنَا إِبْلِيسُ. «وَبِمَا وَلَدَ» نَسْلُهُ وَذُرِّيَّتُهُ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) сапарда түн түскенде былай дұға ететін: “Уа, жер! Менің де, сенің де Раббымыз – Алла. Сенің де (сендегілердің де),1 сенде жаратылғандардың да, үстіңде жүргендердің де жамандығынан Аллаға сиынамын. Арыстанның, ірі жыланның, басқа жыландардың, шаянның, осы мекенді мекендегендердің, Ібілістің және оның ұрпағының жамандығынан да Аллаға сиынамын”».2

Түсіндірме

1. Жерден келетін зияннан мақсат зілзала, хасф (жер жұту), жолдан шығып, адасып қалу секілді жайттар.

2. Жердегілерден мақсат – жердің табиғатына байланысы туатын сипаттар мен жайттар. Мәселен, суық пен ыстық секілді.

3. Жерден жаратылғандар дегенде зиянды жәндіктер көзделген (бит, бүрге т.б.).

4. Жер бетінде жүргендер сөзімен зарарлы құрт-құмырсқа, бақа-шаяндар көзделген.

5. Хадистің аяқ жағындағы «Ібілістің және Ібіліс нәсілі» деген сөздердің арабша нұсқасы. وَوَالِدٍ وَمَا وَلَدَ Тікелей аудармасы «тудырған және туған». Хадис ғалымдары бұл сөздермен Ібіліс пен оның нәсілі көзделген деп ұққан. Десек те бұл сөзбен туылған және туу қабілеті бар бүкіл жаратылыс атаулының көзделгенін де айтады.

  1. 1Бұл сөйлем Әбу Дәуіттегі нұсқада жоқ.
  2. 2Әбу Дәуіт, Жиһад 80, (2603).