Хадис

Кутуб ситтә, № 1846

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
244. Есте сақтауға қатысты дұғалар
Нөмірі
№ 1846 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
1846
Кутуб ситтә, № 1846 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «جَاءَ عَلِيٌّ بْنُ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ إِلَى النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ: بِأَبِي أَنْتَ وَأُمِّي تَفَلَّتَ هَذَا القُرآنُ مِنْ صَدْرِي فَمَا أَجِدُنِي أَقْدِرُ عَلَيْهِ، فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَا أَبَا الْحَسَنِ: أَفَلَا أُعَلِّمُكَ كَلِمَاتٍ يَنْفَعُكَ اللَّهُ بِهِنَّ، وَيَنْفَعُ بِهِنَّ مَنْ عَلَّمْتَهُ، وَيَثْبُتُ مَا تَعَلَّمْتَ فِي صَدْرِكَ؟ قَالَ: أَجَلْ يَا رَسُولَ اللَّهِ فَعَلِّمْنِي؟ قَالَ: إِذَا كَانَ لَيْلَةُ الْجُمُعَةِ فَإِنِ اسْتَطَعْتَ أَنْ تَقُومَ فِي ثُلُثِ اللَّيْلِ الْأَخِيرِ، فَإِنَّهَا سَاعَةٌ مَشْهُودَةٌ، وَالدُّعَاءُ فِيهَا مُسْتَجَابٌ، وَقَالَ أَخِى يَعْقُوبُ لِبَنِيهِ سَوْفَ أَسْتَغفِرُ لَكُمْ رَبِّي، يَقُولُ حَتَّى تَأْتِيَ لَيْلَةُ الْجُمُعَةِ، فَإِنْ لَمْ تَسْتَطِعْ فَفِي وَسَطِهَا فَإِنْ لَمْ تَسْتَطِعْ فَفِي أَوَّلِهَا، فَصَلِّ أَرْبَعَ ركَعَاتٍ تَقْرَأُ فِي الْأُولَى: بِفَاتِحَةِ الْكِتَابِ وَيسٓ، وَفِي الثَّانِيَةِ: بِفَاتِحَةِ الْكِتَابِ وَحمٓ الدُّخَانِ، وَفِي الثَّالِثَةِ: بِفَاتِحَةِ الْكِتَابِ وَالٓمٓ تَنْزِيلُ السَّجْدَةِ، وَفِي الرَّابِعَةِ: بِفَاتِحَةِ الْكِتَابِ، وَتَبَاركَ الْمُفَصَّلَ، فَإِذَا فَرَغْتَ فَاحْمَدِ اللَّهَ تَعَالَى، وَأَحْسِنِ الثَّنَاءَ عَلَيْهِ، وَصَلِّ عَلَيَّ وَأَحْسِنْ، وَصَلِّ عَلَى سَائِرِ الْأَنْبِيَاءِ، وَاسْتَغْفِرْ لِلْمُؤمِنينَ وَالْمُؤمِنَاتِ، وَلِإِخْوَانِكَ الَّذِينَ سَبَقُوكَ بِالْإِيمَانِ، ثُمَّ قُلْ فِي آخِرِ ذَلِكَ: اللَّهُمَّ ارْحَمْنِي بِتَرْكِ الْمَعَاصِي أَبَدًا مَا أَبْقَيْتَنِي وَارْحَمْنِي أَنْ أَتَكَلَّفَ مَا لَا يَعْنِينِي وَارْزُقْنِي حُسْنَ النَّظَرِ فِيمَا يُرْضِيكَ عَنِّي. اللَّهُمَّ بَدِيعَ السَّمَاواتِ وَالْأَرْضِ يَاذَا الْجَلَالِ وَالْإِكْرَامِ وَالْعِزَّةِ الَّتِي لَا تُرَامُ. أَسْأَلُكَ يَا اللَّهُ يَا رَحْمَنُ بِجَلَالِكَ، وَنُورِ وَجْهِكَ أَنْ تُلْزِمَ قَلْبِي حِفْظَ كِتَابِكَ كَمَا عَلّمْتَنِي وَارْزُقْنِي أَنْ أَتْلُوَهُ عَلَى النَّحْوِ الَّذِي يُرْضِيَكَ عَنِّي. اللَّهُمَّ بَدِيعَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ذَا الْجَلَالِ وَالْإِكْرَامِ وَالْعِزَّةِ الَّتِي لَا تُرَامُ أَسْأَلُكَ يَا اللَّهُ يَا رَحْمَنُ بِجَلَالِكَ، وَنُورِ وَجْهِكَ أَنْ تُنَوِّرَ بِكتَابِكَ بَصَرِي، وَأَنْ تُطْلِقَ بِهِ لِسَانِي، وَأَنْ تُفَرِّجَ بِهِ عَنْ قَلْبِي، وأَنْ تَشْرَحَ بِهِ صَدْرِي وَأَنْ تَغْسِلَ بِهِ بَدَنِي فَإِنَّهُ لاَ يُعينُنِي عَلَى الْحَقِّ غَيْرُكَ وَلَا يُؤْتِينِيهِ إِلَّا أَنْتَ، وَلَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ الْعَلِيِّ الْعَظِيمِ، يَا أَبَا الْحَسَنِ: تَفْعَلُ ذَلِكَ ثَلَاثَ جُمَعٍ، أَوْ خَمْسًا، أَوْ سَبْعًا تُجَابُ بِإِذْنِ اللَّهِ تَعَالَى، وَالَّذِي بَعَثَنِي بِالْحَقِّ مَا أَخْطَأَ مُؤمِنًا قَطُّ». قَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: «فَوَاللَّهِ مَا لَبِثَ عَلِيٌّ إِلَّا خَمْسًا، أَوْ سَبْعًا حَتَّى جَاءَ رسوُلَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي مِثْل ذَلِكَ الْمَجْلِسِ، فَقَالَ يَا رَسُولَ اللَّهِ: إِنِّي كُنْتُ فِيمَا خَلَا لَا آخُذُ إِلَّا أَرْبَعَ آيَاتٍ أَوْ نَحْوَهنَّ، فَإِذَا قَرَأْتُهُنَّ عَلَى نُفْسِي تَفَلّتْنَ، وَإِنِّي أَتَعَلّمُ الْيَوْمَ أَرْبَعِينَ آيَةً أَوْ نَحْوَهَا، فَإِذَا قَرَأْتُهَا عَلَى نَفْسِي، فَكَأَنَّمَا كِتَابُ اللَّهِ بَيْنَ عَيْنَيَّ، وَلَقَدْ كُنْتُ أَسْمَعُ الْحَدِيثَ، فَإِذَا رَدَّدْتُهُ تَفَلَّتَ، وَأَنَا الْيَوْمَ أَسْمَعُ الْأَحَادِيث، فَإِذَا تَحَدَّثْتُ بِهَا لَمْ أَخْرَمْ مِنْهَا حَرْفًا، فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عِنْدَ ذَلِكَ: مُؤْمِنٌ وَرَبِّ الْكَعْبَةِ أَبَا الْحَسَنِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.анһума) былай дейді: «Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) Алла елшісіне (с.а.с.) келіп: “Ата-анам сізге құрбан болсын! Құран жаттағаныммен жадымда тұрмайды. Оны есте сақтай алмай жүрмін”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Уа, Әбул-Хасан! Алла өзіңе де, сен үйреткен адамға да пайдасын тигізіп, жаттағаныңды жадыңа орнықтыратын сөздерді үйретейін бе?” – деп сұрады. Әли: “Иә, уа, Алла елшісі, үйретіңіз”, – деді».

Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: «Жұмаға қараған түні мүмкіндігің болса, түннің соңғы үштен бірінде тұр. Ол – куәгерлер қатысатын әрі дұға қабыл болатын мезгіл. Бауырым Яқуб ұлдарына: ﴿سَوْفَ أَسْتَغْفِرُ لَكُمْ رَبِّي﴾ “Сендер үшін Раббымнан кешірім тілеймін”1 – деп, жұмаға қараған түнді меңзеген. Түннің соңында тұра алмасаң, ортасында тұр. Оған да шамаң келмесе, алғашқы бөлігінде тұр. Төрт рәкат намаз оқы. Алғашқы рәкатта “Фатиха” мен “Ясинді”, екіншісінде “Фатиха” мен “Дұханды”, үшіншісінде “Фатиха” мен “Сәждені”, төртіншісінде “Фатиха” мен “Мүлікті” оқы. Намазды аяқтаған соң Аллаға көркем түрде мадақ айт. Маған және өзге пайғамбарларға салауат жолда. Мүмін ерлер мен әйелдерге, өзіңнен бұрын иман келтірген бауырларыңа кешірім тіле. Содан соң мына дұғаны оқы:

“Уа, Алла! Тірі күнімде күнәдан біржола тыйылуыма рақым ете гөр. Өзіме қатысы жоқ іске ұрынудан сақтап, маған рақым ет. Өзің разы болатын істерге көркем пайым нәсіп ет. Уа, көктер мен жерді жоқтан жаратқан, ұлылық пен жомарттықтың, қол жетпес құдіреттің Иесі! Уа, Алла, уа, Рахман! Ұлылығыңмен және жүзіңнің нұрымен сұраймын: Кітабыңды маған үйреткеніңдей, оны жүрегіме орнықтыр. Оны Өзің разы болатындай оқуды нәсіп ет. Уа, көктер мен жерді жоқтан жаратқан, ұлылық пен жомарттықтың, қол жетпес құдіреттің Иесі! Уа, Алла, уа, Рахман! Ұлылығыңмен және жүзіңнің нұрымен сұраймын: Кітабыңмен көзімді нұрландыр, тілімді аш, жүрегімнің қысымын сейілт, кеудемді кеңіт, тәнімді тазарт. Ақиқатты ұстануыма жалғыз Сен жәрдем бересің, оны жалғыз Сен нәсіп етесің. Аса жоғары, Ұлы Алладан басқа күш те, қуат та жоқ”.

Уа, Әбул-Хасан! Осыны үш, бес немесе жеті жұмаға қараған түні қайтала. Алланың қалауымен дұғаң қабыл болады. Мені ақиқатпен жіберген Аллаға ант етемін! Бұл дұғаны айтқан мүміннің тілегі жауапсыз қалған емес».

Ибн Аббас (р.анһума) былай дейді: «Аллаға ант етемін! Бес не жеті жұма өткен соң, Әли (р.а.) сол мәжіліске қайта келіп: “Уа, Алла елшісі! Бұрын төрт аяттай ғана жаттай алатынмын. Оларды өзіме қайталап оқысам, жадымнан шығып кететін. Қазір қырық шақты аят жаттаймын. Қайта оқығанымда, Алланың кітабы көз алдымда тұрғандай болады. Бұрын хадисті естіген соң қайталамақ болсам, есіме түспей қалатын. Қазір хадисті естіп, оны өзгеге бір әрпін де қалдырмай жеткізе аламын”, – деді. Мұны естіген Алла елшісі (с.а.с.): “Уа, Әбул-Хасан! Қағбаның Раббысына ант етемін, сен мүмінсің!” – деді2».

Түсіндірме

Тирмизи риуаятты хасан әрі ғариб деп бағалаған. Кей ғалымдар оның мәтінін шәз, ғариб, тіпті мүнкәр деп санаған.

  1. 1«Юсуф» сүресі, 98-аят.
  2. 2Тирмизи, «Дағауат», № 3570 (Ибраһим Жанан нөмірлеуінде № 3565).