Хадис

Киінгенде және ас ішкенде оқылатын дұғалар

Кутуб ситтә, 5-том, 245-тарау · 6 хадис · № 1848–1853

Хадистер

1848
Кутуб ситтә, № 1848 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا اسْتَجَدَّ ثَوْبًا سَمَّاهُ بِاسْمِهِ، إِمَّا قَمِيصًا أَوْ عِمَامَةً، ثُمَّ قَالَ: اللَّهُمَّ لَكَ الْحَمْدُ أَنْتَ كَسَوْتَنِي هَذَا، أَسْأَلُكَ خَيْرَهُ وَخَيْرَ مَا صُنِعَ لَهُ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّهِ وَشَرِّ مَا صُنِعَ لَهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) жаңа киім кигенде атын “көйлек” не “сәлде” деп атап: “Уа, Алла! Мадақ Саған тән. Осыны маған Сен кигіздің. Оның игілігін және не үшін тігілсе, сол мақсаттың қайырын Сенен сұраймын. Оның зиянынан және не үшін тігілсе, сол істің жамандығынан Өзіңе сиынамын”, – дейтін»1.

Түсіндірме

1. Риуаяттарда Алла елшісінің (с.а.с.) жаңа киімді жұма күні киюге мән бергені және киерде дұға оқығаны айтылады. Бұл дұға – соның бірі.

2. Пайғамбар (с.а.с.) дұғада киген киімнің түрін атап отырған. Мысалы, жаңа аяқ киім кисе: «Уа, Алла! Мадақ Саған тән. Бұл аяқ киімді маған Сен кигіздің…» – деген.

3. Киімнің қайыры – оның таза әрі берік болуы, қажетке жарауы. «Не үшін тігілсе, сол мақсаттың қайыры» деу – киімді тиісті орнына қолдануды тілеу. Киім әуретті жабу, ыстық пен суықтан қорғану үшін тігіледі. Дұғада оның осы міндеттерге жарауы сұралады.

Киімді мақсатына сай пайдалану құлшылық міндеттерін лайықты өтеуге сеп. Киімнің харам не лас болуы, тез тозуы, әуретті жаппауы немесе ыстық пен суықтан қорғамауы – оның зияны. Сол сияқты ысырапқа, тәкаппарлыққа, даңғойлық пен рияға жетелейтін киім де адамға зиян келтіреді.

4. Хадис жаңа киім кигенде Аллаға мадақ айтудың мұстахаб екенін көрсетеді. «Мүстадрактағы» бір риуаятта бір немесе жарты динарға алған жаңа киімін киген адам Аллаға мадақ айтса, сол сәтте Алла оның күнәсін кешіретіні баяндалады.

  1. 1Әбу Дәуіт, Либас 1, (4020); Тирмизи, Либас 29, (1767).
1849
Кутуб ситтә, № 1849 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әбу Умама (р.а.)

وَعَنْ أَبِي أُمَامَةَ قَالَ: «لَبِسَ عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ ثَوْبًا جَدِيدًا، فَقَالَ: الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي كَسَانِي مَا أُوَارِي بِهِ عَوْرَتِي، وَأَتَجَمَّلُ بِهِ فِي حَيَاتِي، ثُمَّ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: مَنْ لَبِسَ ثَوْبًا جَدِيدًا فَقَالَ ذَلِكَ، ثُمَّ عَمَدَ إِلَى الثَّوْبِ الَّذِي أَخْلَقَ، فَتَصَدَّقَ بِهِ كَانَ فِي كَنَفِ اللَّهِ وَحِفْظِهِ، وسَتْرِهِ حَيًّا وَمَيِّتًا». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Умама былай дейді: «Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) жаңа киім киіп: “Әуретімді жабатын әрі өмірімде көрік беретін киім кигізген Аллаға мадақ”, – деді. Содан соң: “Алла елшісінің (с.а.с.): ‘Кім жаңа киім киіп, осы сөзді айтса, артынан тозған киімін садақа етсе, тірісінде де, көз жұмған соң да Алланың қамқорлығы мен қорғауында болып, кемшілігі жабылады’, – дегенін естідім”, – деді1».

  1. 1Тирмизи, «Дағауат», № 3560 (Ибраһим Жанан нөмірлеуінде № 3555). Ибн Мәжа, «Либас», № 3557.
1850
Кутуб ситтә, № 1850 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا أَكَلَ أَوْ شَرِبَ قَالَ: الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي أَطْعَمَنَا وَسَقَانَا وَجَعَلَنَا مُسْلِمِينَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) ас ішкен соң: “Бізді тамақтандырған, сусындатқан және мұсылман еткен Аллаға мадақ”, – дейтін1».

  1. 1Тирмизи, Дағуат 75, (3453); Әбу Дәуіт, Әтғима 53, (3850); ибн Мәжа, Әтғима 16, (3283).
1851
Кутуб ситтә, № 1851 · тараудағы реті: 4

وَعَنْ مُعَاذٍ بْنِ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ أَكَلَ طَعَامًا فَقَالَ: الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي أَطْعَمَنِي هَذَا الطَّعَامَ وَرَزَقَنِيهِ مِنْ غَيْرِ حَوْلٍ مِنِّي، وَلَا قُوَّةٍ غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ». أَخْرَجَهُمَا أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ. وَزَادَ أَبُو دَاوُدَ فِي الثَّانِي: «ومَنْ لَبِسَ ثَوْبًا فَقَالَ: الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي كَسَانِي هَذَا وَرَزَقَنِيهِ مِنْ غَيْرِ حَوْلٍ مِنِّي، وَلَا قُوَّةٍ غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ وَمَا تَأَخَّرَ».

Қазақша аудармасы

Муаз ибн Әнәс (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізеді: «Кім ас ішкен соң: “Осы асты өзімнің күшім де, қуатым да болмай тұрып, маған жегізген әрі ризық еткен Аллаға мадақ”, – десе, өткен күнәлары кешіріледі»1.

Әбу Дәуіттің нұсқасында мына сөздер де бар: «Кім киім кигенде: “Өзімнің күшім де, қуатым да болмай тұрып, осы киімді маған кигізген әрі ризық еткен Аллаға мадақ”, – десе, бұрынғы және кейінгі күнәлары кешіріледі».

  1. 1Әбу Дәуіт, Либәс 1, (4023); Тирмизи, Дағуат 75, (3454); ибн Мәжа, Әтғима 16, (3285).
1852
Кутуб ситтә, № 1852 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّ اللّهَ لَيَرْضَى عَنِ الْعَبْدِ أَنْ يَأْكُلَ الْأَكْلَةَ فَيَحْمَدَهُ عَلَيْهَا، أَوْ يَشْرَبَ الشَّرْبَةَ فَيَحْمَدَهُ عَلَيْهَا». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізеді: «Алла ас ішкен соң сол асы үшін немесе сусын ішкен соң сол сусыны үшін Өзіне мадақ айтқан құлына разы болады»1.

  1. 1Мүслим, «Зікір», № 2734. Тирмизи, «Әтғима», № 1816 (Ибраһим Жанан нөмірлеуінде № 1817).
1853
Кутуб ситтә, № 1853 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَكَلَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عِنْدَ سَعْدٍ بْنِ عُبَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ خُبْزًا وَزَيْتًا، ثُمَّ قَالَ: أَفْطَرَ عِنْدَكُمُ الصَّائِمُونَ، وَأَكَلَ طَعَامَكُمُ الْأَبْرَارُ، وَصَلَّتْ عَلَيْكُمُ الْمَلَائِكَةُ» أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. وَلَهُ فِي أُخْرَى عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «صَنَعَ أَبُو الْهَيْثَمِ طَعَامًا، فَدَعَا رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَأَصْحَابَهُ، فَلَمَّا فَرَغُوا قَالَ: أَثِيبُوا أَخَاكُمْ قَالُوا: وَمَا إِثَابَتُهُ؟ قَالَ: إنَّ الرَّجُلَ إِذَا دُخِلَ بَيْتُهُ، وَأُكِلَ طَعَامُهُ، وَشُرِبَ شَرَابُهُ، فَدَعَوْا لهُ فذَلِكَ إِثَابَتُهُ». «الْإِثَابَةُ» الْجَزَاءُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Сағд ибн Убаданың үйінде нан мен зәйтүн майын жеді. Содан соң: “Үйлеріңде ораза ұстағандар ауыз ашсын, дастархандарыңнан ізгі жандар дәм татсын, періштелер сендерге дұға етсін”, – деді»1.

Әбу Дәуіт Жәбирден (р.а.) мына риуаятты да жеткізеді: «Әбул-Һәйсәм ас әзірлеп, Алла елшісі (с.а.с.) мен сахабаларын қонаққа шақырды. Тамақ ішіп болған соң Алла елшісі: “Бауырларыңның жақсылығын қайтарыңдар”, – деді. Сахабалар: “Оны қалай қайтарамыз?” – деп сұрады. Ол: “Адамның үйіне кіріп, асын жеп, сусынын ішсеңдер, оған дұға етіңдер. Оның жақсылығын осылай қайтарасыңдар”, – деді».

Түсіндірме

1. Өзге риуаяттарда осы дұғаның Сағд ибн Муаздың үйінде айтылғаны баяндалады. Соған қарағанда, оқиға екі рет қайталанған.

2. Хадис қонақтың ас ішкеннен кейін үй иесіне дұға етуі мұстахаб екенін аңғартады.

  1. 1Әбу Дәуіт, Әтғима 55, (3854).