وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا خَرَجَ مِنَ الْخَلَاءِ قَالَ غُفْرَانَكَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ. وَلَهُ فِي أُخْرَى عَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ سِتْرُ مَا بَيْنَ أَعْيُنِ الْجِنِّ وَعَوْرَاتِ بَنِي آدَمَ إِذَا دَخَلَ أَحَدُهُمُ الْخَلَاءَ أَنْ يَقُولُ: بِسْمِ اللَّهِ. “الْغُفْرَانُ” مَصْدَرٌ وَنَصْبُهُ بِإضْمَارِ أَطْلُبُ وَأَسْتَغْفِرُ لِقُصُورِ الشُّكْرِ عَنْ بُلُوغِ هَذِهِ النِّعْمَةِ، وَقِيلَ: اسْتَغْفَرَ مِنْ تَرْكِهِ ذِكْرَ اللّهِ سُبْحَانَهُ مُدَّةَ لُبْثِهِ عَلَى الْخَلَاءِ لِأَنَّهُ كَانَ لَا يَتْرُكُ ذِكْرَ اللّهِ إِلَّا عِنْدَ قَضَاءِ الْحَاجَةِ، فَرَأَى ذَلِكَ تَقْصِيرًا فَتَدَارَكَهُ بِالِاسْتِغْفَارِ.
Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) дәретханадан шыққанда: “Ғуфранака”, яғни “Кешіріміңді сұраймын”, – дейтін1».
Тирмизи Әлиден (р.а.) мына сөзді жеткізеді: «Дәретханаға кірген адам “Бисмилләһ” десе, сол сөз жындардың көзі мен оның әуретінің арасына перде болады».
Түсіндірме
1. «Ғуфранака» сөзіндегі «ғуфран» – «мағфират» тәрізді қимыл атауы. Ол «жабу, кешіру, ғафу ету» деген мағына береді. «Кә» есімдігі жалғанғанда, «Сенің кешірімің» деген ұғым туады. Жасырын тұрған етістігімен бірге أَطْلُبُ غُفْرَانَكَ, яғни «Кешіріміңді сұраймын» дегенді білдіреді.
2. Хадис ғалымдары дәретханадан шыққанда кешірім сұраудың екі себебін атаған:
a) Адам дәретханада Алланы зікір етпейді. Шыққан соң сол үзіліс үшін кешірім сұрайды.
б) Ас-ауқатты бойына сіңіріп, қалдығын оңай шығару да – нығмет. Адам осы нығметтің шүкірін толық өтей алмағаны үшін кешірім сұрайды. Автор осы пікірді көңілге қонымды санайды.
3. Бұл сәтте айтылатын өзге дұғалар да жеткен: الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي أَذْهَبَ عَنِّي الْأَذَى وَعَافَانِي. – «Маған жайсыздық тудырған нәрсені кетіріп, саулық берген Аллаға мадақ»; الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي أَحْسَنَ إِلَيَّ فِي أَوَّلِهِ وَآخِرِهِ. – «Астың басында да, соңында да маған жақсылық жасаған Аллаға мадақ»; الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي أَذَاقَنِي لَذَّتَهُ وَأَبْقَى فِيَّ قُوَّتَهُ وَأَذْهَبَ عَنِّي أَذَاهُ. – «Астың дәмін татқызып, қуатын бойымда қалдырған әрі зиянын кетірген Аллаға мадақ». Осы риуаяттардың ішінде жоғарыда келтірілген Айша (р.а.) хадисінің жеткізілуі сенімдірек. Алла елшісі (с.а.с.) бұл дұғаларды әр кезде әртүрлі айтқан болуы мүмкін.
- 1Әбу Дәуіт, Таһарат 17, (30); Тирмизи, Таһарат 5, (7); ибн Мәжа, Таһарат 10, (300).