Хадис

Кутуб ситтә, № 1868

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
253. Әзірет Юнустың (а.с.) дұғасы
Нөмірі
№ 1868 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
1868
Кутуб ситтә, № 1868 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَرْفَعُهُ قَالَ: «كَانَ مِنْ دُعَائِهِمْ: يَا حَيُّ يَا قَيُّومُ، يَا حَيُّ حِينَ لَا حَيَّ، يَا مُحْيِي يَا مُمِيتُ يَا ذَا الْجَلَالِ وَالْإِكْرَامِ». أَخْرَجَهُ رَزِينٌ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізеді: «Юнус қауымы: “Уа, Мәңгі тірі! Уа, күллі болмысты ұстап тұрған Қаййум! Тіршілік иесі болмаған кезде де тірі болған Ием! Уа, тірілтуші, уа, өлтіруші! Уа, ұлылық пен жомарттықтың Иесі!” – деп дұға еткен».1

  1. 1Рәзиннің қосқаны