Хадис

Белгілі бір себепке не уақытқа байланбаған дұғалар

Кутуб ситтә, 5-том, 255-тарау · 4 хадис · № 1870–1873

Хадистер

1870
Кутуб ситтә, № 1870 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ فِي دُعَائِهِ: اللَّهُمَّ أَصْلِحْ لِي دِينِي الَّذِي هُوَ عِصْمَةُ أَمْرِي، وَأَصْلِحْ لِي دُنْيَايَ الَّتِي فِيهَا مَعَاشِي، وَأَصْلِحْ لِي آخِرَتِي الَّتِي فِيهَا مَعَادِي، وَاجْعَلِ الْحَيَاةَ زِيَادَةً لِي فِي كُلِّ خَيْرٍ، وَاجْعَلِ الْمَوْتَ رَاحَةً لِي مِنْ كُلِّ شَرٍّ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай дұға ететін: “Уа, Алла! Істерімді қорғайтын дінімді түзе. Тіршілігім өтетін дүниемді түзе. Қайтып баратын ақыретімді түзе. Өмірімді барлық жақсылықты арттыруға, өлімімді барлық жамандықтан тынығуға себеп ет”»1.

  1. 1Мүслим, Зикр 71, (2720).
1871
Кутуб ситтә, № 1871 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ أَكْثَرُ دُعَاءِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ اللَّهُمَّ آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً، وَفِي الْآخِرَةِ حَسَنَةً، وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) ең жиі айтатын дұғасы: “Аллаһуммә әтинә фид-дуния хәсәнәтән, уә фил-ахирати хәсәнәтән, уә қина азабән-нәр”, яғни “Уа, Алла! Бізге дүниеде де, ақыретте де жақсылық бер әрі тозақ азабынан сақта!”1 деген дұға еді»2.

  1. 1«Бақара» сүресі, 201-аят.
  2. 2Бұхари, «Дағауат», № 6389. Мүслим, «Зікір», № 2690. Әбу Дәуіт, № 1519.
1872
Кутуб ситтә, № 1872 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ سَأَلَ اللَّهَ الْجَنَّةَ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ. قَالَتِ الْجَنَّةُ: اللَّهُمَّ أَدْخِلْهُ الْجَنَّةَ، وَمَنِ اسْتَجَارَ بِاللَّهِ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ مِنَ النَّارِ قَالَتِ النَّارُ: اللَّهُمَّ أَجِرْهُ مِنَ النَّارِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізеді: «Кім Алладан жәннатты үш рет сұраса, жәннат: “Уа, Алла! Оны жәннатқа кіргіз”, – дейді. Кім тозақ отынан үш рет Аллаға сиынса, тозақ: “Уа, Алла! Оны оттан сақта”, – дейді»1.

  1. 1Тирмизи, «Жәннат», № 2572 (Ибраһим Жанан нөмірлеуінде № 2575). Нәсәи, «Истиғаза», 56 (8/279). Ибн Мәжа, «Зүһд», № 4340.
1873
Кутуб ситтә, № 1873 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әли (р.а.)

وَعَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ مُكَاتَبًا جَاءَهُ فَقَالَ: إِنِّي عَجَزْتُ عَنْ كِتَابَتِي فَأَعِنِّي، فَقَالَ: أَلَا أُعَلِّمُكَ كَلِمَاتٍ عَلَّمَنِيهِنَّ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ لَوْ كَانَ عَلَيْكَ مِثْلُ جَبَلِ صِيْرٍ دَيْنًا أَدَّاهُ اللَّهُ تَعَالَى عَنْكَ. قَالَ: قُلِ: اللَّهُمَّ اكْفِنِي بِحَلَالِكَ عَنْ حَرَامِكَ وَأَغْنِنِي بِفَضْلِكَ عَمَّنْ سِوَاكَ».«صِيرٌ» بِصَادٍ مُهْمَلَةٍ مَكْسُورَةٍ، ثُمَّ مُثَنَّاةٌ مِنْ تَحْتَ سَاكِنَةٍ ثُمَّ رَاءٌ: جَبَلٌ لِطَيْءٍ، وَجَبَلٌ عَلَى السَّاحِلِ أَيْضًا بَيْنَ عُمَانٍ وَسِيرَافَ، فَأَمَّا جَبَلُ صَبِيرٍ: بِبَاءٍ مُوحَّدَةٍ بَيْنَ الصَّادِ، وَالْمُثَنَّاةِ، فَإِنَّمَا جَاءَ فِي حَدِيثِ مُعَاذٍ.

Қазақша аудармасы

Әлидің (р.а.) айтуынша, бір мукатаб оған келіп: «Азаттық үшін келіскен ақымды өтеуге шамам жетпей қалды. Көмектесіңіз», – деді. Әли: «Алла елшісі (с.а.с.) маған үйреткен сөздерді саған да үйретейін бе? Сир тауындай қарызың болса да, Алла оны өтейді. “Уа, Алла! Адал несібеңді жеткілікті етіп, харамнан сақта. Кеңшілігіңмен Өзіңнен басқаға мұқтаж етпе”, – де»1, – деді.

Түсіндірме

1. Мукатаб – құнын төлеп азаттық алу үшін қожайынымен келісім жасасқан құл. Мысалы, ол айына бес динардан жиырма төрт ай төлеуге келісіп, қожайынының тапсырмасынан бөлек еңбек етіп, тиісті соманы жинайды. Келіскен құнды толық өтегенде азат болады. Мұндай келісім «мукатаба» немесе «китабат» деп аталады. Сөздің түбірі «жазысу» деген ұғым береді. Құл төлейтін құнын, ал қожайын оны азат ету міндетін жазбаша бекітеді.

Осы риуаяттағы мукатаб келісімнің шартын орындай алмай, Әлиге (р.а.) жүгініп, жәрдем сұраған.

2. Сир – Тай тайпасының жеріндегі таудың аты. Оман мен Сираф аралығындағы жағалауда да осылай аталатын тау бар. Хадистің кей нұсқасында صَبِير, яғни Йемендегі Сабир тауы, ал кей нұсқада ثَبِير, яғни Сәбир деп келеді. Сәбир – бірнеше таудың, соның ішінде Меккедегі ең үлкен таудың атауы.

  1. 1Тирмизи, «Дағауат», № 3563 (Ибраһим Жанан нөмірлеуінде № 3558).