عَنْ عَمْرٍو بْنِ شُعَيْبٍ عَنْ أَبِيهِ عَنْ جَدِّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: فِي الْمَوَاضِحِ خَمْسٌ خَمْسٌ». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ. «الْمَوَاضِحُ»: جَمْعُ مُوضِحَةٍ، وَهِيَ الشَّجَّةُ الَّتِي تُبْدِي وَضَحَ الْعَظْمِ: أَيْ بَيَاضُهُ. وَالْمُرَادُ بِذَلِكَ: مُوضِحَةُ الرَّأْسِ وَالْوَجْهِ دُونَ سَائِرِ الْجَسَدِ فَفِيهَا الْحُكُومَةُ.
Амр ибн Шұғайыб әкесі арқылы атасынан (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Сүйекті ашып жіберген әр жара үшін бес түйеден құн төленеді»1, – дегенін жеткізеді.
Түсіндірме
Мудиха (көпше түрі – мауадих) – сүйектің ағын көрсететін терең жара. Мұндай жараның әрқайсысы үшін бес түйеден құн төленеді. Бұл мөлшер бас пен беттегі жараларға қатысты. Дененің өзге тұсындағы мудиханың құны нақты бекітілмеген. Оны қазы жараның ауырлығына қарап белгілейді. Осындай бағалау арқылы белгіленген құн хукумат әл-адл деп аталады. № 1910 хадистің түсіндірмесін қараңыз.
- 1Тирмизи, Дият 3, (1390); Әбу Дәуіт, Дият 20, (4566); Нәсәи, Қасама 43, (8, 57).