Хадис

Адамның өмірі мен ағзалары үшін төленетін құн

Кутуб ситтә, 5-том, 264-тарау · 4 хадис · № 1915–1918

Хадистер

1915
Кутуб ситтә, № 1915 · тараудағы реті: 1

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي بَكْرِ بْنِ مُحَمَّدِ بْنِ عَمْرِو بْنِ حَزْمٍ عَنْ أَبِيهِ: «أَنَّ فِي الْكِتَابِ الَّذِي كَتَبَهُ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ لِابْنِ حَزْمٍ فِي الْعُقُولِ: أَنَّ فِي النَّفْسِ مِائَةً مِنَ الْإِبِلِ، وَفِي الْأَنْفِ إِذَا أُوعِبَ جَدْعًا الدِّيَةُ الْكَامِلَةُ، وَفِي الْمَأْمُومَةِ ثُلُثُ الدِّيَةِ، وَفِي الْجَائِفَةِ مِثْلُهُ، وَفِي الْعَيْنِ خَمْسُونَ، وَفِي الْيَدِ خَمْسُونَ، وَفِي الرِّجْلِ خَمْسُونَ، وَفِي كُلِّ أُصْبُعٍ مِمَّا هُنَالِكَ عَشْرٌ مِنَ الْإِبِلِ، وَفِي كُلِّ سِنٍّ خَمْسٌ، وَفِي الْمُوضِحَةِ خَمْسٌ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ وَالنَّسَائِيُّ. وَفِي أُخْرَى لِلنَّسَائِيِّ: «فِي النَّفْسِ الدِّيَةُ، وَفِي الْأَنْفِ إِذَا أُوْعِبَ جَدْعُهُ الدِّيَةُ، وَفِي اللِّسَانِ الدِّيَةُ، وَفِي الشَّفَتَيْنِ الدِّيَةُ، وَفِي الْبَيْضَتَيْنِ الدِّيَةُ، وَفِي الذَّكَرِ الدِّيَةُ، وَفِي الصُّلْبِ الدِّيَةُ، وَفِي الْعَيْنَيْنِ الدِّيَةُ، وَفِي الرِّجْلِ الْوَاحِدَةِ نِصْفُ الدِّيَةِ. وَفِي الْمَأْمُومَةِ ثُلُثُ الدِّيَةِ، وَفِي الْجَائِفَةِ ثُلُثُ الدِّيَةِ، وَفِي الْمُنَقِّلَةِ خَمْسَ عَشْرَةَ مِنَ الْإِبِلِ، وَفِي كُلِّ إِصْبَعٍ مِنْ أَصَابِعِ الْيَدِ أَوِ الرِّجْلِ عَشْرٌ مِنَ الْإِبِلِ، وَفِي السِّنِّ خَمْسٌ مِنَ الْإِبِلِ، وَفِي الْمُوضِحَةِ خَمْسٌ مِنَ الْإِبِلِ وَأَنَّ الرَّجُلَ يُقْتَلُ بِالْمَرْأَةِ، وَعَلَى أَهْلِ الذَّهَبِ أَلْفُ دِينَارٍ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Әбу Бәкір ибн Мұхаммед ибн Амр ибн Хазм әкесінен жеткізеді: «Алла елшісінің (с.а.с.) Ибн Хазмға1 құн туралы жазған нұсқауында мыналар да бар еді: “Адам өмірінің құны – жүз түйе. Мұрын түгел кесілсе, толық құн төленеді. Ми қабына дейін жеткен жараға – маʼмумаға – құнның үштен бірі, бас не құрсақ қуысына өткен жараға – жаифаға – да сонша төленеді. Бір көзге – елу, бір қолға – елу, бір аяққа – елу, әр саусаққа – он, әр тіске – бес, сүйекті ашқан жараға – мудихаға – бес түйе төленеді”».2

Нәсәидің бір нұсқасында былай делінген: «Адам өмірі үшін, түгел кесілген мұрын, тіл, екі ерін, екі аталық без, ер адамның жыныс мүшесі, омыртқа және екі көз үшін толық құн төленеді. Бір аяқ үшін толық құнның жартысы төленеді. Ми қабына жеткен жараға – маʼмумаға – және бас не құрсақ қуысына өткен жараға – жаифаға – толық құнның үштен бірі төленеді. Сүйек жаңқасы шыққан жараға – мұнаққилаға – он бес, қол мен аяқтың әр саусағына – он, әр тіске – бес, сүйекті ашқан жараға – мудихаға – бес түйеден төленеді. Әйелді өлтірген ер адамға қысас қолданылады. Құнын алтынмен төлейтіндерден мың динар алынады».

  1. 1Алла елшісі (с.а.с.) һижраның оныншы жылы Амр ибн Хазмды (р.а.) Йемендегі Бәну әл-Харис тайпасына қызметке жібергенде, оған жазбаша нұсқау берген. Онда салық, тәлім-тәрбие және өзге де істер жөнінде мәлімет бар.
  2. 2Мәлик, «Мууатта», «Уқул», 1-тарау (2/849). Нәсәи, «Қасама», 44-тарау (8/57–60), № 4853 және № 4857.
1916
Кутуб ситтә, № 1916 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Амр ибн Шұғайыб әкесі арқылы атасынан

وَعَنْ عَمْرٍو بْنِ شُعَيْبٍ عَنْ أَبِيهِ عَنْ جَدِّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يُقَوِّمُ دِيَةَ الْخَطَإِ عَلَى أَهْلِ الْقُرَى أَرْبَعِمِائَةِ دِينَارٍ، أَوْ عَدْلَهَا مِنَ الْوَرِقِ، وَيُقَوِّمُهَا عَلَى أَثْمَانِ الْإِبِلِ، فَإِذَا غَلَتْ رَفَعَ فِي قِيمَتِهَا، وَإِذَا هَاجَتْ، وَبَلَغَتْ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَا بَيْنَ أَرْبَعِمِائَةِ دِينَارٍ إِلَى ثَمَانِيمِائَةٍ، وَعَدْلُهَا مِنَ الْوَرِقِ ثَمَانِيَةُ آلَافِ دِرْهَمٍ، وقَضَى عَلَى أَهْلِ الْبَقَرِ بِمِائَتَيْ بَقَرَةٍ، وَمَنْ كَانَ دِيَةُ عَقْلِهِ فِي شَاءٍ فَأَلْفَا شَاةٍ، وقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: الْعَقْلُ مِيرَاثٌ بَيْنَ وَرَثَةِ الْقَتِيلِ عَلَى قَرَابَتِهِمْ، فَمَا فَضَلَ فَلِلْعَصَبَةِ، وَقَضَى فِي الْأَعْضَاءِ بِمَا تَقَدَّمَ ذِكْرُهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Амр ибн Шұғайыб әкесі арқылы атасынан (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) абайсызда қаза тапқан адамның құнын ауыл тұрғындары үшін төрт жүз динар не соған тең күміс деп белгілейтін. Құнды түйенің бағасына қарап есептейтін. Түйе қымбаттаса, құнды көтеріп, арзандаса, кемітетін. Алла елшісінің (с.а.с.) кезінде құн төрт жүз бен сегіз жүз динар аралығында болды. Күміспен есептегендегі баламасы сегіз мың дирхам еді. Сиыр ұстайтындарға екі жүз сиыр, құнын қоймен өтейтіндерге екі мың қой белгіледі. Алла елшісі (с.а.с.): “Құн қаза тапқан адамның мұрагерлеріне туыстық дәрежесіне қарай бөлінеді. Олар үлестерін алғанда артылғаны асабаға тиесілі”, – деді. Ағзаларға қатысты үкімді жоғарыда айтылған тәртіппен шығарды».1

Түсіндірме

Бұл хадисте қаза тапқан адамның құны да оның өзге мал-мүлкі секілді мұрагерлеріне өтетіні айтылады. Мұрагерлердің арасында «асхаб әл-фараиз», яғни үлесі Құранда белгіленген туыстар болса, әрқайсысы тиісті үлесін алады. Үлес иелерінен артылған мүлік немесе ондай мұрагерлер болмағанда бүкіл мұра асабаға, қысқаша айтқанда, әке жағынан тарайтын туыстарға өтеді.

  1. 1Әбу Дәуіт, Дият 20, (4564); Нәсәи, Қасама 30, (8, 42, 43).
1917
Кутуб ситтә, № 1917 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: الْأَصَابِعُ سَوَاءٌ وَالْأَسْنَانُ سَوَاءٌ، وَالثَّنِيَّةُ وَالضِّرْسُ سَوَاءٌ هَذِهِ وَهَذِهِ سَوَاءٌ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Саусақтардың құны бірдей, тістердің құны да бірдей. Күрек тіс пен азу тістің құны тең. Мынау мен мынаудың құны бірдей», – дегенін жеткізеді.1

  1. 1Әбу Дәуіт, Дият 20, (4559, 4560, 4561).
1918
Кутуб ситтә, № 1918 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Амр ибн Шұғайыб әкесі арқылы атасынан

وَعَنْ عَمْرٍو بْنِ شُعَيْبٍ عَنْ أَبِيهِ عَنْ جَدِّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَضَى رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي الْعَيْنِ الْعَوْرَاءِ السَّادَّةِ لِمَكَانِهَا إِذَا طُمِسَتْ بِثُلُثِ دِيَتِهَا، وَفِي الْيَدِ الشَّلَّاءِ إِذَا قُطِعَتْ بِثُلُثِ دِيَتِهَا، وَفِي السِّنِّ السَّوْدَاءِ إِذَا نُزِعَتْ بِثُلُثِ دِيَتِهَا». أَخْرَجَ أَبُو دَاوُدَ حَدِيثَ الْعَيْنِ وَحْدَهَا، وَأَخْرَجَهُ النَّسَائِيُّ كَامِلًا.

Қазақша аудармасы

Амр ибн Шұғайыб әкесі арқылы атасынан жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) өз орнында тұрған көрмейтін көз зақымданып жойылса, оның әдеттегі құнының үштен бірін төлеуге үкім етті. Сол секілді сал қол кесілсе, қолдың, қарайған тіс жұлынса, тістің әдеттегі құнының үштен бірі төленеді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Дият», № 4567. Көзге қатысты бөлігі осы нұсқада, толық мәтіні Нәсәидің «Қасамасында», № 4840 хадисте берілген. Осы кітаптағы № 1910 хадисті де қараңыз.