Хадис

Кутуб ситтә, № 1916

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
264. Адамның өмірі мен ағзалары үшін төленетін құн
Нөмірі
№ 1916 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
1916
Кутуб ситтә, № 1916 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Амр ибн Шұғайыб әкесі арқылы атасынан

وَعَنْ عَمْرٍو بْنِ شُعَيْبٍ عَنْ أَبِيهِ عَنْ جَدِّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يُقَوِّمُ دِيَةَ الْخَطَإِ عَلَى أَهْلِ الْقُرَى أَرْبَعِمِائَةِ دِينَارٍ، أَوْ عَدْلَهَا مِنَ الْوَرِقِ، وَيُقَوِّمُهَا عَلَى أَثْمَانِ الْإِبِلِ، فَإِذَا غَلَتْ رَفَعَ فِي قِيمَتِهَا، وَإِذَا هَاجَتْ، وَبَلَغَتْ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَا بَيْنَ أَرْبَعِمِائَةِ دِينَارٍ إِلَى ثَمَانِيمِائَةٍ، وَعَدْلُهَا مِنَ الْوَرِقِ ثَمَانِيَةُ آلَافِ دِرْهَمٍ، وقَضَى عَلَى أَهْلِ الْبَقَرِ بِمِائَتَيْ بَقَرَةٍ، وَمَنْ كَانَ دِيَةُ عَقْلِهِ فِي شَاءٍ فَأَلْفَا شَاةٍ، وقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: الْعَقْلُ مِيرَاثٌ بَيْنَ وَرَثَةِ الْقَتِيلِ عَلَى قَرَابَتِهِمْ، فَمَا فَضَلَ فَلِلْعَصَبَةِ، وَقَضَى فِي الْأَعْضَاءِ بِمَا تَقَدَّمَ ذِكْرُهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Амр ибн Шұғайыб әкесі арқылы атасынан (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) абайсызда қаза тапқан адамның құнын ауыл тұрғындары үшін төрт жүз динар не соған тең күміс деп белгілейтін. Құнды түйенің бағасына қарап есептейтін. Түйе қымбаттаса, құнды көтеріп, арзандаса, кемітетін. Алла елшісінің (с.а.с.) кезінде құн төрт жүз бен сегіз жүз динар аралығында болды. Күміспен есептегендегі баламасы сегіз мың дирхам еді. Сиыр ұстайтындарға екі жүз сиыр, құнын қоймен өтейтіндерге екі мың қой белгіледі. Алла елшісі (с.а.с.): “Құн қаза тапқан адамның мұрагерлеріне туыстық дәрежесіне қарай бөлінеді. Олар үлестерін алғанда артылғаны асабаға тиесілі”, – деді. Ағзаларға қатысты үкімді жоғарыда айтылған тәртіппен шығарды».1

Түсіндірме

Бұл хадисте қаза тапқан адамның құны да оның өзге мал-мүлкі секілді мұрагерлеріне өтетіні айтылады. Мұрагерлердің арасында «асхаб әл-фараиз», яғни үлесі Құранда белгіленген туыстар болса, әрқайсысы тиісті үлесін алады. Үлес иелерінен артылған мүлік немесе ондай мұрагерлер болмағанда бүкіл мұра асабаға, қысқаша айтқанда, әке жағынан тарайтын туыстарға өтеді.

  1. 1Әбу Дәуіт, Дият 20, (4564); Нәсәи, Қасама 30, (8, 42, 43).