Хадис

Кутуб ситтә, № 1944

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
269. Зікір бөлімі
Нөмірі
№ 1944 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
1944
Кутуб ситтә, № 1944 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

وَعَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ. «أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: مَثَلُ الْبَيْتِ الَّذِي يُذْكَرُ اللَّهُ فِيهِ وَالْبَيْتِ الَّذِي لَا يُذْكَرُ اللَّهُ فِيهِ مَثَلُ الْحَيِّ وَالْمَيِّتِ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Алла еске алынатын үй мен Алла еске алынбайтын үй тірі мен өліге ұқсайды», – дегенін жеткізеді.1

Түсіндірме

Алла еске алынатын үй тіріге, еске алынбайтын үй өліге ұқсатылған. Мұнда үйлердің тұрғындары меңзеледі. Алланы еске алғандар жаратылыс мақсатына сай құлшылық етеді, еске алмағандар өліге ұқсайды. «Зәрият» сүресінің 56-аятында былай делінген: ﴿وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالْإِنْسَ إِلَّا لِيَعْبُدُونِ﴾ «Мен жындар мен адамзатты тек қана Өзіме құлшылық етсін деп жараттым!»

  1. 1Бұхари, «Дағауат», 66-тарау, № 6407. Мүслим, «Салат әл-мусафирин», № 779. Мәтін Мүслимнің нұсқасымен берілді.