Хадис

Кутуб ситтә, № 205

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
27. Үй құрылысы
Нөмірі
№ 205 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
205
Кутуб ситтә, № 205 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «لَقَدْ رَأَيْتُنِي مَعَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَقَدْ بَنَيْتُ بَيْتًا بِيَدِي يُكِنُّنِي مِنَ الْمَطَرِ وَيُظِلُّنِي مِنَ الشَّمْسِ، مَا أَعَانَنِي عَلَيْهِ أَحَدٌ مِنْ خَلْقِ اللَّهِ تَعَالَى». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) көзі тірісінде өз қолыммен үй салған едім. Ол үй жаңбырдан қорғап, күннен пана болатын. Үйді салуға Алланың жаратқандарынан ешкім көмектескен жоқ».