وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «خَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَوْمًا وَنَحْنُ مَعَهُ، فَرَأَى قُبَّةً مُشْرِفَةً. فَقَالَ: «مَا هَذِهِ؟» قِيلَ: «لِفُلَانٍ رَجُلٍ مِنَ الْأَنْصَارِ». فَسَكَتَ وَحَمَلَهَا فِي نَفْسِهِ حَتَّى جَاءَ صَاحِبُهَا فَسَلَّمَ عَلَيْهِ فِي النَّاسِ، فَأَعْرَضَ عَنْهُ. فَصَنَعَ ذَلِكَ مِرَارًا حَتَّى عَرَفَ الرَّجُلُ الْغَضَبَ فِيهِ وَالْإِعْرَاضَ عَنْهُ، فَشَكَا ذَلِكَ إِلَى أَصْحَابِهِ فَقَالَ: «وَاللَّهِ إِنِّي لَأُنْكِرُ نَظَرَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، مَا أَدْرِي مَا حَدَثَ فِيَّ». فَقَالُوا: «خَرَجَ فَرَأَى قُبَّتَكَ، فَقَالَ: ‹لِمَنْ هَذِهِ؟› فَأَخْبَرْنَاهُ». فَرَجَعَ الرَّجُلُ إِلَى الْقُبَّةِ فَهَدَمَهَا حَتَّى سَوَّاهَا بِالْأَرْضِ. فَخَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ذَاتَ يَوْمٍ فَلَمْ يَرَهَا، فَقَالَ: «مَا فَعَلَتِ الْقُبَّةُ؟» فَحَدَّثُوهُ بِمَا كَانَ مِنْ صَاحِبِهَا. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «أَمَا إِنَّ كُلَّ بِنَاءٍ وَبَالٌ عَلَى صَاحِبِهِ إِلَّا مَا لَا، إِلَّا مَا لَا»». يَعْنِي: مَا لَا بُدَّ مِنْهُ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Әнәс (р.а.) тағы былай дейді: «Бір күні Алла елшісімен (с.а.с.) бірге сыртқа шықтық. Ол айналасындағы үйлерден биік тұрған күмбезді көріп: “Мынау не?” – деп сұрады. Қасындағылар: “Ансарлардың арасындағы пәленшенің күмбезі”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.) үндемей, мұны көңіліне түйіп қойды. Кейін күмбез иесі көпшілік арасында Алла елшісіне (с.а.с.) сәлем берді. Алла елшісі (с.а.с.) одан теріс бұрылды. Бұл бірнеше рет қайталанды. Әлгі кісі Алла елшісінің (с.а.с.) ренжігенін, сондықтан өзіне қарамай қойғанын аңғарып, жолдастарына: “Аллаға ант етемін, Алла елшісінің (с.а.с.) маған қарағаны өзгергенін байқадым. Не болғанын түсінбеймін”, – деді. Олар: “Ол сыртқа шыққанда күмбезіңді көріп, ‘Мынау кімдікі?’ – деп сұрады. Біз сенікі екенін айттық”, – деді. Сонда әлгі кісі күмбезіне барып, оны жермен-жексен етіп бұзды. Алла елшісі (с.а.с.) басқа бір күні сыртқа шығып, күмбезді көрмей: “Күмбез не болды?” – деп сұрады. Қасындағылар иесінің не істегенін айтты. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Біліп қойыңдар, аса қажет құрылыстан өзге әрбір құрылыс иесіне ауыртпалық әкеледі”, – деді».1
- 1Әбу Дәуіт, «Әдеп», 169 (№5237, электрондық басылымда 170-тарау).