Хадис

Кутуб ситтә, № 2040

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
286. Мал зекеті
Нөмірі
№ 2040 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
2040
Кутуб ситтә, № 2040 · тараудағы реті: 1

عَنْ سَالِمٍ عَنْ أَبِيهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَتَبَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ كِتَابَ الصَّدَقَةِ وَلَمْ يُخْرِجْهُ إِلَى عُمَّالِهِ حَتَّى قُبِضَ فَقَرَنَهُ بِسَيْفِهِ فَعَمِلَ بِهِ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ حَتَّى قُبِضَ ثُمَّ عَمِلَ بِهِ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ حَتَّى قُبِضَ وَكَانَ فِيهِ: فِي خَمْسٍ مِنَ الْإِبِلِ شَاةٌ. وَفِي عَشَرٍ شَاتَانِ. وَفِي خَمْسَ عَشَرَةَ ثَلَاثُ شِيَاهٍ. وَفِي عِشْرِينَ أَرْبَعُ شِيَاهٍ. وَفِي خَمْسٍ وَعِشْرِينَ بِنْتُ مَخَاضٍ، إِلَى خَمْسٍ وَثَلَاثِينَ. فَإِذَا زَادَتْ وَاحِدَةٌ فَفِيهَا ابْنَةُ لَبُونٍ إِلَى خَمْسٍ وَأَرْبَعِينَ. فَإِذَا زَادَتْ وَاحِدَةٌ فَفِيهَا حِقَّةٌ إِلَى سِتِّينَ. فَإِذَا زَادَتْ وَاحِدَةٌ فَفِيهَا جَذَعَةٌ إِلَى خَمْسٍ وَسَبْعِينَ. فَإِذَا زَادَتْ وَاحِدَةٌ فَفِيهَا ابْنَتَا لَبُونٍ إِلَى تِسْعِينَ. فَإِذَا زَادَتْ وَاحِدَةٌ فَفِيهَا حِقَّتَانِ إِلَى عِشْرِينَ وَمِائَةٍ. فَإِنْ كَانَتْ الْإِبِلُ أَكْثَرَ مِنْ ذَلِكَ فَفِي كُلِّ خَمْسِينَ حِقَّةٌ وَفِي كُلِّ أَرْبَعِينَ ابْنَةُ لَبُونٍ. وَفِي الْغَنَمِ فِي كُلِّ أَرْبَعِينَ شَاةً شَاةٌ إِلَى عِشْرِينَ وَمِائَةٍ. فَإِذَا زَادَتْ وَاحِدَةٌ فَفِيهَا شَاتَانِ إِلَى الْمِائَتَيْنِ. فَإِذَا زَادَتْ وَاحِدَةٌ عَلَى الْمِائَتَيْنِ فَفِيهَا ثَلَاثُ شِيَاهٍ إِلَى ثَلَاثِمِائَةٍ. فَإِنْ كَانَتْ الْغَنَمُ أَكْثَرَ مِنْ ذَلِكَ فَفِي كُلِّ مِائَةِ شَاةٍ شَاةٌ، ثُمَّ لَيْسَ فِيهَا شَيْءٌ حَتَّى تَبْلُغَ أَرْبَعَمِائَةٍ. وَلَا يُفَرَّقُ بَيْنَ مُجْتَمَعٍ وَلَا يُجْمَعُ بَيْنَ مُتَفَرِّقٍ مَخَافَةَ الصَّدَقَةِ. وَمَا كَانَ مِنْ خَلِيطَيْنِ فَإِنَّهُمَا يَتَرَاجَعَانِ بَيْنَهُمَا بِالسَّوِيَّةِ. وَلَا يُؤْخَذُ فِي الصَّدَقَةِ هَرَمَةٌ وَلَا ذَاتُ عَيْبٍ. قَالَ الزُّهْرِيُّ: إِذَا جَاءَ الْمُصَدِّقُ قَسَّمَ الشَّاءَ أَثْلَاثًا: ثُلُثٌ شِرَارٌ، وَثُلُثٌ خِيَارٌ، وَثُلُثٌ أَوْسَاطٌ. فَيَأْخُذُ الْمُصَدِّقُ مِنَ الْوَسَطِ. وَلَمْ يَذْكُرِ الزُّهْرِيُّ الْبَقَرَ».

Қазақша аудармасы

Сәлим әкесі Абдулла ибн Омардан (р.а.) мына хабарды жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) зекет тәртібі жазылған хат дайындап, оны қызметкерлеріне жіберіп үлгермей дүниеден өтті. Ол хатты қылышына бекітіп қойған еді. Әбу Бәкір (р.а.) өмірінің соңына дейін осы хаттағы тәртіпті ұстанды. Одан кейін Омар (р.а.) да өмірінің соңына дейін солай етті. Хатта былай жазылған:

Түйенің зекеті

1) Бес түйеден бір қой беріледі.

2) Он түйеден екі қой беріледі.

3) Он бес түйеден үш қой беріледі.

4) Жиырма түйеден төрт қой беріледі.

5) 25–35 түйеден бір бинту махад беріледі.

6) 36–45 түйеден бір бинту ләбун беріледі.

7) 46–60 түйеден бір хиққа беріледі.

8) 61–75 түйеден бір жәзәға беріледі.

9) 76–90 түйеден екі бинту ләбун беріледі.

10) 91–120 түйеден екі хиққа беріледі.

11) Түйе саны 120-дан асса, әр елу түйеден бір хиққа, әр қырық түйеден бір бинту ләбун беріледі.

Қойдың зекеті

12) 40–120 қойдан бір қой беріледі.

13) 121–200 қойдан екі қой беріледі.

14) 201–300 қойдан үш қой беріледі.

15) Қой саны 300-ден асса, әр жүз қойдан бір қой беріледі. Төрт жүзге жеткенше бұдан артық зекет алынбайды.

16) Зекет мөлшерін өзгерту үшін бөлек мал біріктірілмейді, ортақ мал бөлінбейді.

17) Екі адамның ортақ малынан зекет алынса, екеуі шығынды өз үлестеріне сай өтеседі.

18) Зекетке кәрі немесе кемістігі бар мал алынбайды».

19) Зуһри былай дейді: «Зекет жинаушы келгенде, қой үш топқа бөлінеді. Бір топ – жақсы, бір топ – орташа, бір топ – нашар қойлар. Зекет жинаушы орташа топтан алады». Зуһри сиыр туралы айтпаған1.

Түсіндірме

1. Ибн Омар жеткізген бұл риуаяттағы үкімдер Әнәстен (р.а.) жеткен алдыңғы хадиспен негізінен сәйкес келеді. Түсіндіруді қажет еткен тұстары сонда талданды.

2. Риуаятта Алла Елшісінің (с.а.с.) әр өңірдегі жауапты адамдарға арнап зекет тәртібі жазылған хат дайындағаны көрінеді. Автор осы хабарға сүйеніп, Әбу Бәкір (р.а.) Әнәске (р.а.) мөр басып берген нұсқау хат Пайғамбар (с.а.с.) дайындаған түпнұсқаның көшірмесі деп пайымдайды. Зекет жинауға басқа өңірлерге жіберілген қызметкерлерге де осы түпнұсқадан көшірме берілген болуы мүмкін.

3. Алла Елшісі (с.а.с.) зекет жинағанда әділдік сақтауды өсиет еткен. Зуһридің түсіндіруінше, қой жақсы, орташа және нашар болып үш топқа бөлінеді. Алдыңғы хадисте иесінің ең бағалы малын алудан сақтандырса, соңғы риуаяттар кәрі немесе кемістігі бар малдың зекетке алынбайтынын айтады. Зекет жинаушы осы екі өлшемді ескеріп, орташа малды таңдайды.

  1. 1Тирмизи, «Зекет», № 621. Әбу Дәуіт, «Зекет», № 1568–1570. Ибн Мәжа, «Зекет», № 1798.