عَنْ سُفْيَانَ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ الثَّقَفِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ بَعَثَهُ مُصَدِّقًا فَكَانَ يَعُدُّ عَلَى النَّاسِ بِالسَّخْلِ. وَقَالُوا: أَتَعُدُّ عَلَيْنَا بِالسَّخْلِ وَلَا تَأْخُذُ مِنْهُ شَيْئًا؟ فَلَمَّا قَدِمَ عَلَى عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ ذَكَرَ لَهُ ذِلِكَ. فَقَالَ عُمَرُ: نَعَمْ تَعُدُّ عَلَيْهِمْ بِالسَّخْلَةِ يَحْمِلُهَا الرَّاعِي، وَلَا تَأْخُذُهَا، وَلَا تَأْخُذُ الْأَكُولَةَ، وَلَا الرُّبَّى، وَلَا الْمَاخِضَ، وَلَا فَحْلَ الْغَنَمِ، وَتَأْخُذُ الْجَذَعَةَ وَالثَّنِيَّةَ وَذَلِكَ عَدْلٌ بَيْنَ غَذَاءِ الْغَنَمِ وَخِيَارِهِ».
Суфиян ибн Абдулла әс-Сақафи мына жайтты жеткізеді: «Омар (р.а.) оны зекет жинауға жіберді. Ол мал санағына қозыларды да қосты. Жұрт одан: “Қозыларымызды санаққа қосасың, бірақ солардың бірін де зекетке алмайсың ба?” – деп сұрады. Ол Омарға қайтып келіп, болған жайтты жеткізді. Омар (р.а.): “Иә, шопан көтеріп жүрген жаңа туған қозыны да санаққа қосасың, бірақ оны зекетке алмайсың. Сойысқа арнап бордақылаған малды, сауын малын, буаз малды, қошқар не теке секілді тұқымдық малды да алмайсың. Жәзәға мен сәнийяны аласың. Бұл – төл мен таңдаулы малдың арасындағы орташа мал”, – деді»1.
Түсіндірме
(الْأَكُولَةَ) الشَّاةُ الَّتِي هِيَ لِلْأَكْلِ وَ (الرُّبَّى) الَّتِي تُرَبَّى فِي الْبَيْتِ لِأَجْلِ اللَّبَنِ. وَقِيلَ هِيَ الْحَدِيثَةُ النَّتَاجِ. وَ (الْمَاخِضُ) الْحَامِلُ إِذَا ضَرَبَهَا الطَّلَقُ وَ (غَذَاءُ الْمَالِ) جَمْعُ غَذًى وَهُوَالْحَمَلُ أَوِ الْجَدْيُّ. وَالْمُرَادُ أَنْ لَا يَأْخُذَ السَّاعِي خِيَارَ الْمَالِ وَلَا رَدِيئَهُ وَإِنَّمَا يَأْخُذُ الْوَسَطَ.
1. Алла Елшісі (с.а.с.) зекет жинауға жіберген кісілеріне әр мал түрінен қанша зекет алынатынын және қандай малды алу керегін үйреткен.
2. Соңғы риуаятта зекетке алынбайтын малдың бірнеше түрі аталады.
• Сахл – жаңа туған төл, көбіне қозы.
• Әкулә – сойып жеуге арнап жемделген бордақы мал.
• Руббә – сүті үшін үйде ұсталған сауын малы немесе жаңа төлдеген, төлін емізіп жүрген аналық мал.
• Махиз – буаз мал.
• Фахл – төл алу үшін ұсталған қошқар, теке секілді тұқымдық еркек мал.
3. Зекетке жарайтын орташа малдың түрлері төменде аталады.
Жәзәға – жас малдың атауы. Түйеге қатысты айтылса, бесінші жасына аяқ басқан, сиыр мен қойға қатысты айтылса, екінші жасына аяқ басқан малды білдіреді. Кей ғалымдар үшінші жасына басқан сиырды немесе бір жасын толық өтеген қойды да жәзәға деп атаған.
Сәнийя атауы түйе, сиыр және қойға ортақ. Қой мен сиырдың үшінші жасына, түйенің алтыншы жасына аяқ басқаны осылай аталады. Ахмад ибн Ханбал екі жастағы қой мен үш жастағы сиырды сәнийя деген.
- 1«Муатта», «Зекет», 26 (1/265).