وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنَّا نُخْرِجُ زَكَاةَ الْفِطْرِ صَاعًا مِنْ طَعَامٍ، أَوْ صَاعًا مِنْ شَعِيرٍ، أَوْ صَاعًا مِنْ تَمْرٍ، أَوْ صَاعًا مِنْ أَقِطٍ، أَوْ صَاعًا مِنْ زَبِيبٍ. فَلَمَّا جَاءَ مُعَاوِيَةُ وَجَاءَتِ السَّمْرَاءُ قَالَ: أَرَى أَنَّ مُدًّا مِنْ هَذَا يَعْدِلُ مُدَّيْنِ».
Қазақша аудармасы
Әбу Сағид (р.а.) былай дейді: «Біз пітір садақасына бір сағ астық, бір сағ арпа, бір сағ құрма, бір сағ кепкен іркіт немесе бір сағ мейіз беретін едік. Мұғауия келіп, қоңыр бидай әкелінгенде: “Мұның бір мүді басқасының екі мүдіне тең деп санаймын”, – деді»1.
- 1Бұхари, «Зекет», 72, 73, 75, 76. Мүслим, «Зекет», 18 (985). «Муатта», «Зекет», 53 (1/284). Тирмизи, «Зекет», 35 (673). Әбу Дәуіт, «Зекет», 19 (1616–1618). Нәсәи, «Зекет», 37–39, 42–43 (5/51). Ибн Мәжа, «Зекет», 21 (1829).