وَعَنْ بَشِيرٍ بْنِ الْخَصَاصِيَّةِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قُلْنَا يَا رَسُولَ اللَّهِ: إِنَّ أَهْلَ الصَّدَقَةِ يَعْتَدُونَ عَلَيْنَا أَفَنَكْتُمُ مِنْ أَمْوَالِنَا بِقَدْرِ مَا يَعْتَدُونَ؟ قَالَ: لَا». «الِاعْتِدَاءُ» مُجَاوَزَةُ الْحَدِّ.
Бәшир ибн әл-Хасасия (р.а.) былай дейді: «Біз: “Уа, Алла елшісі, зекет жинаушылар бізге қиянат жасап, тиесілі мөлшерден артық алады. Сол артық алатын мөлшеріндей малымызды жасырып қалсақ бола ма?” – деп сұрадық. Ол: “Жоқ”, – деді»1.
Түсіндірме
1. Бұл хабардың кей нұсқасы мауқуф түрде, яғни сахабаның сөзі ретінде жеткен. Әбу Дәуіт сондай нұсқасын да келтіреді.
2. Хадис жинаушы тиесілі мөлшерден артығын талап етсе де, малды жасырып қалуға рұқсат бермейді. Бұл тыйымды басқа риуаяттар да қуаттайды. Ғалымдар жинаушы әділетсіздік жасады деп, зекеті алынатын мүлікті жасыруға болмайтынын айтқан.
- 1Әбу Дәуіт, «Зекет», 5 (1586–1587).