Хадис

Кутуб ситтә, № 2087

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
298. № 2086–2092 хадистер
Нөмірі
№ 2087 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
2087
Кутуб ситтә, № 2087 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Үммі Атия (р.а.)

وَعَنْ أُمِّ عَطِيَّةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، وَاسْمُهَا نُسَيْبَةُ، قَالَتْ: «تُصُدِّقَ عَلَيَّ بِشَاةٍ، فَأَرْسَلْتُ إِلَى عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا بِشَيْءٍ. فَقَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: عِنْدَكُمْ شَيْءٌ؟ فَقَالَتْ عَائِشَةُ: لَا، إِلَّا مَا أَرْسَلَتْ بِهِ نُسَيْبَةُ مِنْ تِلْكَ الشَّاةِ. فَقَالَ: هَاتِ، فَقَدْ بَلَغَتْ مَحِلَّهَا».

Қазақша аудармасы

Нусәйба есімімен белгілі Үммі Атия (р.а.) былай дейді: «Маған бір қой садақа етілді. Оның етінен Айшаға (р.а.) жібердім. Пайғамбар (с.а.с.): “Үйде жейтін бірдеңе бар ма?” – деп сұрағанда, Айша: “Нусәйбаның әлгі қойдан жіберген етінен басқа ештеңе жоқ”, – деді. Сонда ол: “Әкел, ол тиісті орнына жетті”, – деді»1.

Түсіндірме

Мұқтаж адам садақа ретінде алған мүлікті кейін сыйласа немесе сатса, жаңа иесі оны сыйлық не сатып алынған мүлік ретінде қабылдайды. Осылайша, садақаны тікелей алуына рұқсат етілмеген кісі де оны пайдалана алады. №2085 хадисті қараңыз.

  1. 1Бұхари, «Зекет», 31 және 62, «Һиба», 5. Мүслим, «Зекет», 174 (№ 1076).