وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «الْمُسْلِمُ مَنْ سَلِمَ الْمُسْلِمُونَ مِنْ لِسَانِهِ وَيَدِهِ، وَالْمُؤْمِنُ مَنْ أَمِنَهُ النَّاسُ عَلَى دِمَائِهِمْ وَأَمْوَالِهِمْ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِيُّ.
Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Мұсылман – өзге мұсылмандар оның тілі мен қолынан зиян көрмейтін кісі. Мүмін – жұрт жаны мен мал-мүлкіне одан қауіп төнбейтініне сенетін адам»1.
Түсіндірме
Алла елшісі (с.а.с.) бұл хадисте кәміл мұсылманға тән қасиеттерді атаған. Қолымен не тілімен өзгеге зиян тигізген мұсылманды кәпір санауға бұл хадис негіз бола алмайды. Хадис ешкімге зиян тигізбеудің, елдің сеніміне қиянат жасамаудың маңызын әсерлі жеткізеді. Осындай ескертуді естіген мүмін ең қымбат қазынасы – иманы мен Исламына нұқсан келтірмеу үшін зиянды әрекеттерден барынша аулақ жүреді.
- 1Тирмизи, «Иман», 12 (№ 2627, Ибраһим Жанан басылымында № 2629). Нәсәи, «Иман», 8 (8/104–105, № 4995).