وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «ثَلَاثٌ لَا تُرَدُّ: الْوِسَادَةُ، وَالدُّهْنُ، وَالطِّيبُ». وَلَفْظُ التِّرْمِذِيِّ: «ثَلَاثٌ لَا تُرَدُّ: الْوَسَائِدُ وَالدُّهْنُ وَاللَّبَنُ». وَالدُّهْنُ يَعْنِي بِهِ الطِّيبَ.
Ибн Омар (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) «Үш нәрсе ұсынылса, бас тартпайды: жастық, май және хош иіс» дегенін жеткізеді. Тирмизидегі мәтінде «жастық, хош иісті май және сүт» делінген.1
Түсіндірме
1. Тирмизидің мәтіні мен «Тухфат әл-ахуазиде» май мен сүт қатар аталады. Тирмизи «майды» хош иіс деп түсіндіреді. «Әл-Жәмиғ әс-сағирде» де жастық, май және сүт делінген.
2. Тиби мұнда қонаққа ұсынылатын жастық, хош иісті май мен сүт айтылған деп түсіндіреді. Бұлар үй иесіне ауыр салмақ түсірмейтін ілтипат болғандықтан, қабыл алған жарасады.
- 1Тирмизи, «Әдеп», № 2790. Тирмизидің мәтінінде жастық, май және сүт аталады. Жинақта «май» хош иіс деп түсіндірілген.