وَعَنْ صَخْرٍ بْنِ وَدَاعَةَ الْغَامِدِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اللَّهُمَّ بَارِكْ لِأُمَّتِي فِي بُكُورِهَا، وَكَانَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا بَعَثَ سَرِيَّةً أَوْ جَيْشًا بَعَثَهُمْ أَوَّلَ النَّهَارِ، وَكَانَ صَخْرٌ تَاجِرًا، وَكَانَ يَبْعَثُ تِجَارَتَهُ مِنْ أَوَّلِ النَّهَارِ فَأَثْرَى وَكَثُرَ مَالُهُ».
Сахр ибн Уадаға әл-Ғамиди (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Уа, Алла, үмбетімнің таңғы уақытын берекелі ете гөр”, – деп дұға етті. Жасақ немесе әскер аттандырғанда, күннің алғашқы сағаттарында жөнелтетін. Саудагер Сахр да тауарын таңертең жөнелтетін. Сөйтіп, байып, мал-мүлкі көбейді»1.
Түсіндірме
1. Бұл хадис таңғы уақыттың берекесін айтып, істі ерте бастауға үндейді. Риуаятты жеткізген Сахр да тауарын таңертең жөнелтіп, кәсібінің берекесін көрген.
2. Алла Елшісі (с.а.с.) ғибадатқа, сапарға және өзге істерге көбіне ерте кірісетін. Алдыңғы хадисте жолға шығатын күн сөз болса, мұнда жасақтың ертеңгісін аттанғаны айтылады. №1051 хадисте бір жорықта таңғы азанды естуге қарай шешім қабылдағаны баяндалады. Айшадан (р.а.) жеткен риуаятта ризық іздеуді ерте бастаудың берекесі айтылған.
Ғалымдар ерте қимылдауды тек байлық не жеңіс тілегенде ұстанатын дағды деп қарамаған. Олар істі таңертең бастауды жалпы абзал санаған.
3. «Сәрия» сөзі «жасақ» деп аударылды. Ол белгілі міндетке жіберілген шағын әскери топты білдіреді.
- 1Әбу Дәуіт, «Жиһад», № 2606. Тирмизи, «Сауда», № 1212.