Хадис

Сапарласқа жәрдем беру

Кутуб ситтә, 6-том, 316-тарау · 3 хадис · № 2191–2193

Хадистер

2191
Кутуб ситтә, № 2191 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ كَانَ مَعَهُ فَضْلُ ظَهْرٍ فَلْيَعُدْ بِهِ عَلَى مَنْ لَا ظَهْرَ لَهُ، وَمَنْ كَانَ لَهُ فَضْلُ زَادٍ فَلْيَعُدْ بِهِ عَلَى مَنْ لَا زَادَ لَهُ. فَذَكَرَ أَصْنَافًا مِنَ الْمَالِ حَتَّى رَأَيْنَا أَنْ لَا حَقَّ لِأَحَدٍ مِنَّا فِي فَضْلٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Кімнің артық мініс көлігі болса, көлігі жоққа берсін. Кімнің артық азығы болса, азығы жоқпен бөліссін».

Әбу Сағид (р.а.) сөзін жалғап: «Алла елшісі мүліктің басқа да түрлерін атап шықты. Сөйтіп, ешқайсымыздың артық дүниені өзімізге алып қалуға ақымыз жоқ деп түсіндік», – деді1.

Түсіндірме

1. Хадис сапарластарды бір-біріне жәрдем беріп, қолындағысын бөлісуге үндейді. Бірін-бірі қолдау – адам тіршілігінің тірегі әрі дініміздің ұстанымы. Оның қадірі ұзақ сапар мен қиын-қыстау шақта айрықша білінеді.

2. Мүслім мен Әбу Дәуіт нұсқаларында хадистің айтылу себебі де бар. «Тәйсирде» бұл бөлік келтірілмеген. Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай дейді: «Бірде Алла Елшісімен (с.а.с.) сапарға шықтық. Көлік мінген бір кісі келіп, оңына да, солына да қарай берді. Сонда Алла Елшісі “Кімнің артық мініс көлігі болса...” деп сөз бастады».

Риуаятта әлгі кісінің мұқтаждығы сөзінен емес, айналасына қарағанынан аңғарылған. Түсіндірмеде адамның қажеті түрінен, қимылынан байқалса, оны сұратпай жәрдем еткен абзал делінеді. Ғалымдардың пікірінше, мұндайда керуен басшысы мұқтажға көмектесуді тапсыруы керек.

Ғалымдар бұл хадисті мұқтаж жолаушыға зекет пен садақа беруге дәлел еткен. Ол елінде дәулетті болса да, сапарда мұқтаждыққа ұшырауы мүмкін. Астында мініс көлігінің, үстінде қымбат киімінің болуы оның көмек алуына кедергі емес.

  1. 1Мүслим, «Тауып алынған мүлік», № 1728. Әбу Дәуіт, «Зекет», № 1663.
2192
Кутуб ситтә, № 2192 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَرَادَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ الْغَزْوَ فَقَالَ: يَا مَعْشَرَ الْمُهَاجِرِينَ وَالْأَنْصَارِ. إِنَّ مِنْ إِخْوَانِكُمْ مَنْ لَيْسَ لَهُ مَالٌ وَلَا عَشِيرَةٌ. فَلْيَضُمَّ أَحَدُكُمْ إِلَيْهِ الرَّجُلَيْنِ وَالثَّلَاثَةَ. فَضَمَمْتُ إِلَيَّ اثْنَيْنِ أَوْ ثَلَاثَةً وَمَالِيَ إِلَّا عُقْبَةٌ كَعُقْبَةِ أَحَدِهِمْ مِنْ جَمَلِي».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) жорыққа аттанбақ болып: “Уа, мұһажирлер мен ансарлар! Бауырларыңның арасында мал-мүлкі де, арқа сүйер туысы да жоқ адамдар бар. Әрқайсың сондай екі-үш адамды қастарыңа алыңдар”, – деді.

Содан соң мен екі не үш адамды қасыма алдым. Өз түйеме мінуге олардың әрқайсысы секілді кезекпен ғана мүмкіндік алдым» (Әбу Дәуіт, №2534).

2193
Кутуб ситтә, № 2193 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَتَخَلَّفُ فِي السَّيْرِ فَيُزْجِي الضَّعِيفَ وَيُرْدِفُ وَيَدْعُو لَهُمْ». «يُزْجِي الضَّعِيفَ» بِالزَّايِ. أَيْ يَسُوقُهُ لِيُلْحِقَهُ بِالرِّفَاقِ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) өзге бір риуаятта былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) сапар үстінде көштің соңында жүріп, әлсірегендерге ілесуге көмектесетін, көлігіне мінгестіретін және оларға дұға ететін» (Әбу Дәуіт, №2639).