Хадис

Кутуб ситтә, № 2210

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
323. Жарыс пен мергендікке қатысты үкімдер
Нөмірі
№ 2210 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
2210
Кутуб ситтә, № 2210 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يُضَمِّرُ الْخَيْلَ يُسَابِقُ بِهَا».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла елшісі (с.а.с.) аттарды баптап, бәйгеге қосатын1.

Түсіндірме

1. «Баптау» деп аударылған «идмар» немесе «тадмир» сөзі атты бәйгеге дайындаудың бұрынғы тәсілін білдіреді. Әуелі атты жақсылап азықтандырған, кейін жемін бірте-бірте азайтқан. Содан соң қорада үстіне жабу жауып терлеткен. Тері кеуіп, денесі жеңілдегенде, ат бәйгеге дайын деп есептелген.

2. Хадистен жаһилия дәуірінен бері белгілі ат баптау өнеріне рұқсат етілгені байқалады.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Жиһад», № 2576.