Хадис

Кутуб ситтә, № 2241

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
327. Сусын ішу әдебі. Түрегеп тұрып сусын ішудің үкімі. Рұқсатты білдіретін риуаяттар
Нөмірі
№ 2241 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
2241
Кутуб ситтә, № 2241 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «سَقَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ مِنْ مَاءِ زَمْزَمَ، فَشَرِبَ وَهُوَ قَائِمٌ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا أَبَا دَاوُدَ. وَفِي رِوَايَةٍ: «اسْتَسْقَى وَهُوَ عِنْدَ الْبَيْتِ فَأَتَيْتُهُ بِدَلْوٍ». وَزَادَ فِي رِوَايَةٍ: «فَحَلَفَ عِكْرِمَةُ مَا كَانَ يَوْمَئِذٍ إِلَّا عَلَى بَعِيرٍ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Алла елшісіне (с.а.с.) зәмзәм суын ұсындым. Ол оны түрегеп тұрып ішті»1.

Бір риуаятта: «Алла елшісі (с.а.с.) Қағбаның жанында тұрғанда су сұрады. Мен оған бір шелек су әкелдім», – делінген.

Басқа риуаятта Икриманың ол күні Алла елшісінің (с.а.с.) түйе үстінде болғанына ант еткені айтылады.

  1. 1Бұхари, «Әшриба», 16 (5617), «Хаж», 76; Мүслим, «Әшриба», 120 (2027); Тирмизи, «Әшриба», 12 (1882); Нәсәи, «Хаж рәсімдері», 165 (2965).