Хадис

Түрегеп тұрып ішіп-жеуге тыйым білдіретін хадистер

Кутуб ситтә, 6-том, 328-тарау · 2 хадис · № 2245–2246

Хадистер

2245
Кутуб ситтә, № 2245 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنِ الشَّرَابِ قَائِمًا». قِيلَ لِأَنَسٍ: فَالْأَكْلُ؟ قَالَ: ذَلِكَ أَشَدُّ، أَوْ قَالَ: أَشَرُّ وَأَخْبَثُ. أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالتِّرْمِذِيُّ، وَأَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ بِدُونِ ذِكْرِ الْأَكْلِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі (с.а.с.) түрегеп тұрып сусын ішуге тыйым салды», – деді. Одан: «Ал түрегеп тұрып тамақ жеу ше?» – деп сұрады. Ол: «Бұл одан да қатаң», – деді немесе: «Одан да жаман әрі жағымсыз», – деді1.

  1. 1Мүслим, «Әшриба», 113 (2024); Тирмизи, «Әшриба», 11 (1879); Әбу Дәуіт, «Әшриба», 13 (3717).
2246
Кутуб ситтә, № 2246 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَشْرَبَنَّ أَحَدُكُمْ قَائِمًا، فَمَنْ نَسِيَ فَلْيَسْتَقِئْ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Ешқайсың түрегеп тұрып сусын ішпеңдер. Кім ұмытып ішіп қойса, құссын», – деген1.

Түсіндірме

Алдыңғы риуаяттар рұқсатты білдірсе, соңғы екеуінде түрегеп тұрып ішіп-жеуге тыйым айтылады. Бұл тақырыпта өзге риуаяттар да бар. Сондықтан мұндағы тыйым тәнзиһи мәкрүһті, яғни одан аулақ болған абзал екенін білдіреді.

  1. 1Мүслим, «Әшриба», 116 (2026).