Хадис

Кутуб ситтә, № 2246

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
328. Түрегеп тұрып ішіп-жеуге тыйым білдіретін хадистер
Нөмірі
№ 2246 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
2246
Кутуб ситтә, № 2246 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَشْرَبَنَّ أَحَدُكُمْ قَائِمًا، فَمَنْ نَسِيَ فَلْيَسْتَقِئْ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Ешқайсың түрегеп тұрып сусын ішпеңдер. Кім ұмытып ішіп қойса, құссын», – деген1.

Түсіндірме

Алдыңғы риуаяттар рұқсатты білдірсе, соңғы екеуінде түрегеп тұрып ішіп-жеуге тыйым айтылады. Бұл тақырыпта өзге риуаяттар да бар. Сондықтан мұндағы тыйым тәнзиһи мәкрүһті, яғни одан аулақ болған абзал екенін білдіреді.

  1. 1Мүслим, «Әшриба», 116 (2026).