Хадис

Кутуб ситтә, № 2273

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
337. Хамрға тыйым және оның неден жасалатыны
Нөмірі
№ 2273 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
2273
Кутуб ситтә, № 2273 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «حُرِّمَتِ الْخَمْرُ بِعَيْنِهَا، قَلِيلُهَا وَكَثِيرُهَا، وَمَا أَسْكَرَ مِنْ كُلِّ شَرَابٍ». أَخْرَجَهُ النَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Хамрдың өзіне тыйым салынған. Оның азы да, көбі де харам. Басқа сусынның да мас қылатын мөлшеріне тыйым салынған»1.

Түсіндірме

Көпшілік ғалымдардың пікірінен өзгеше, «Сусын мас қылатын мөлшерде ішілгенде ғана харам болады» дегендер осы хадиске сүйенген.

  1. 1Нәсәи, «Әшриба», 48 (8/320–321). Кей басылымдарда осы риуаяттың параллель мәтінінде وَالسُّكْرُ مِنْ كُلِّ شَرَابٍ деп келеді (5684–5685).