وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَصُومُ، فَتَحَيَّنْتُ فِطْرَهُ بِنَبِيذٍ صَنَعْتُهُ فِي دُبَّاءٍ، ثُمَّ أَتَيْتُهُ بِهِ، فَإِذَا هُوَ يَنِشُّ وَيَغْلِي، فَقَالَ: اضْرِبْ بِهَذَا الْحَائِطَ، فَإِنَّ هَذَا شَرَابُ مَنْ لَا يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَلَا بِالْيَوْمِ الْآخِرِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.
Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) ораза ұстап жүрген еді. Ауызашар уақытын күтіп, асқабақтан жасалған ыдысқа дайындаған нәбізімді әкелдім. Нәбіз ашып, бұрқылдап жатыр екен. Алла елшісі (с.а.с.): “Мұны қабырғаға шашып жібер. Бұл – Аллаға және ақырет күніне иман келтірмегендердің сусыны”, – деді»1.
Түсіндірме
Нәбіздің ашып, бұрқылдауы оның мас қылатын сусынға айнала бастағанын білдіреді. Сол күйінде ішуге тыйым салынатыны №2265 хадистің түсіндірмесінде айтылған.
- 1Әбу Дәуіт, «Әшриба», 12 (3716) • Нәсәи, «Әшриба», 25 (8/301).