Хадис

Кутуб ситтә, № 2354

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
344. Намазды өтеу және қазасын оқу
Нөмірі
№ 2354 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 25
2354
Кутуб ситтә, № 2354 · тараудағы реті: 25Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ سَمِعَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «بَيْنَ الرَّجُلِ وَبَيْنَ الشِّرْكِ وَالْكُفْرِ تَرْكُ الصَّلَاةِ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ، وَاللَّفْظُ لَهُ، وَأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ. وَلَفْظُهُ: «بَيْنَ الْكُفْرِ وَالْإِيمَانِ تَرْكُ الصَّلَاةِ».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Пендені ширк пен күпірден бөліп тұрған шек – намазды тәрк ету», – дегенін естіген1.

Тирмизидің нұсқасында: «Күпір мен иманның арасындағы шек – намазды тәрк ету», – делінген.

  1. 1Мүслим, «Иман», 134 (82b, осы мәтін). Әбу Дәуіт, «Сүннет», 15 (4678). Тирмизи, «Иман», 9 (2618).