وَفِي رِوَايَةٍ: «فَصَلَّى الْمَغْرِبَ قَبْلَ أَنْ يَغِيبَ الشَّفَقُ فِي الْيَوْمِ الثَّانِي، ثُمَّ أَخَّرَ الْعِشَاءَ حَتَّى كَانَ ثُلُثُ اللَّيْلِ الْأَوَّلُ، ثُمَّ أَصْبَحَ فَدَعَا السَّائِلَ، فَقَالَ: الْوَقْتُ بَيْنَ هَذَيْنِ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ، وَاللَّفْظُ لَهُ، وَأَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.
Қазақша аудармасы
Бір риуаятта былай делінген: «Екінші күні ақшамды шапақ сөнбей тұрып оқыды. Құптанды түннің алғашқы үштен біріне дейін кешіктірді. Таң атқанда намаз уақытын сұраған адамды шақырып: “Намаз уақыты осы екі меженің арасында”, – деді».1
- 1Мүслим, «Мәсәжид», 178 (614); Әбу Дәуіт, «Салат», 2 (395); Нәсәи, «Мауақит», 15 (1/260–261). Мәтін Мүслимнен алынды.