وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُصَلِّي الْعَصْرَ وَالشَّمْسُ مُرْتَفِعَةٌ حَيَّةٌ، فَيَذْهَبُ الذَّاهِبُ إِلَى الْعَوَالِي، فَيَأْتِي الْعَوَالِيَ وَالشَّمْسُ مُرْتَفِعَةٌ. وَبَعْضُ الْعَوَالِي مِنَ الْمَدِينَةِ عَلَى أَرْبَعَةِ أَمْيَالٍ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ. وَفِي رِوَايَةٍ: «فَيَذْهَبُ الذَّاهِبُ مِنَّا إِلَى قُبَاءَ».
Қазақша аудармасы
Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) күн биікте жарқырап тұрғанда екінті намазын оқитын. Намаздан кейін бір кісі Мәдинаның шетіндегі Ауали қоныстарына1 барып жеткенде де күн әлі биікте тұратын. Ауалидің кейбір қоныстары Мәдинадан төрт миль қашық еді». Басқа нұсқада: «Арамыздағы бір кісі Құбаға баратын», – делінген.
- 1«Ауали» – «алия» сөзінің көпше түрі. Мәдинаның биік тұстарындағы шеткері қоныстар осылай аталған. № 2383–2385 риуаяттарының дереккөздері № 2385 хадистің соңында бірге берілді.