وَعَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا كَانَ الْحَرُّ أَبْرَدَ بِالصَّلَاةِ، وَإِذَا كَانَ الْبَرْدُ عَجَّلَ». أَخْرَجَهُ النَّسَائِيُّ.
Қазақша аудармасы
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) күн ыстықта бесін намазын аптап басылғанша кешіктіретін, ал күн суықта ертерек оқитын»1.
Түсіндірме
«Тәйсирде» бұл хадисті Әбу Мұса (р.а.) жеткізген делінген. Нәсәидің жинағында рауи ретінде Әнәс ибн Мәлик (р.а.) аталады. Мәтіндегі есім Нәсәидің нұсқасына сай берілді.
- 1Нәсәи, «Мауақит», 4 (499). Нәсәи нұсқасында хадисті Әнәс ибн Мәлик жеткізген.