Хадис

Кутуб ситтә, № 2447

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
347. Азанның артықшылығы
Нөмірі
№ 2447 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 16
2447
Кутуб ситтә, № 2447 · тараудағы реті: 16Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَجُلًا قَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ الْمُؤَذِّنِينَ يَفْضُلُونَنَا». فَقَالَ: «قُلْ كَمَا يَقُولُونَ، فَإِذَا انْتَهَيْتَ فَسَلْ تُعْطَهْ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) былай дейді: «Бір кісі: “Уа, Алланың елшісі! Азаншылар сауап жағынан бізден озады”, – деді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Олардың айтқанын сен де қайтала. Аяқтаған соң қалағаныңды сұра, сұрағаның беріледі”, – деп жауап берді».1

Түсіндірме

Бұл хадистің түсіндірмесіне сай, азаншының сөздерін қайталаған адам азан айтқандай сауап алады. Жоғарыда айтылғандай, азаншы «Хаййә алас-салаһ», «Хаййә алал-фалаһ» дегенде, «Лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ» деп жауап береді.2

  1. 1Әбу Дәуіт, «Салат», 36 (524). Ибраһим Жанан, «Күтүб-и ситте», 8/334.
  2. 2Ибраһим Жанан, «Күтүб-и ситте», 8/334.