Хадис

Кутуб ситтә, № 2507

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
351. Намаздың оқылуы және рүкіндері
Нөмірі
№ 2507 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 25
2507
Кутуб ситтә, № 2507 · тараудағы реті: 25Риуаят етуші: Имран ибн әл-Хусайн (р.а.)

وَعَنْ عِمْرَانَ بْنِ الْحُصَيْن رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانَتْ بِي بَوَاسِيرُ فَسَأَلْتُ النَّبِيَّ ﷺ عَنِ الصَّلَاةِ. فَقَالَ: صَلِّ قَائِمًا وَإِنْ لَمْ تَسْتَطِعْ فَقَاعِدًا: فَإِنْ لَمْ تَسْتَطِعْ فَعَلَى جَنْبٍ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا مُسْلِمًا.

Қазақша аудармасы

Имран ибн әл-Хусейн (р.а.) былай дейді: «Көтеуім бар еді. Алла елшісінен (с.а.с.) намазды қалай оқитынымды сұрадым. Ол: “Тұрып оқы. Шамаң келмесе, отырып оқы. Оған да шамаң келмесе, бір қырыңмен жатып оқы”, – деді».