Хадис

Кутуб ситтә, № 2609

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
362. Сәжде ағзалары
Нөмірі
№ 2609 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
2609
Кутуб ситтә, № 2609 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «أَمَرَ النَّبِيُّ ﷺ أَنْ نَسْجُدَ عَلَى سَبْعَةِ أَعْضَاءٍ وَلَا نَكُفَّ شَعْرًا وَلَا ثَوْبًا: الْجَبْهَةِ وَالْيَدَيْنِ وَالرُّكْبَتَيْنِ وَالرِّجْلَيْنِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) жеті дене мүшесіне, яғни маңдайға, екі қолға, екі тізеге және екі аяққа сүйеніп сәжде етуді, шаш пен киімді жинамауды бұйырды».