وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يَرْفَعُهُ قَالَ: «إِنَّ الْيَدَيْنِ تَسْجُدَانِ كَمَا يَسْجُدُ الْوَجْهُ فَإِذَا وَضَعَ أَحَدُكُمْ وَجْهَهُ فَلْيَضَعْهُمَا، وَإِذَا رَفَعَهُ فَلْيَرْفَعْهُمَا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.
Қазақша аудармасы
Ибн Омар (р.а.) Алла елшісінен (с.а.с.) мына мәрфуғ хадисті жеткізген: «Жүз секілді екі қол да сәжде етеді. Араларыңнан біреу жүзін сәждеге қойса, екі қолын да қойсын. Жүзін көтергенде екі қолын да көтерсін».1
- 1Әбу Дәуіт, Салат: 155, (892); Нәсәи, Ифтитах: 129, (2, 207).