وَلَهُ فِي أُخْرَى عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «تَعَلَّمْنَا التَّشَهُّدَ كَمَا تَعَلَّمْنَا السُّورَةَ مِنَ الْقُرْآنِ، بِسْمِ اللَّهِ، وَبِاللَّهِ التَّحِيَّاتُ». وَذَكَرَ الْحَدِيثَ. وَفِيهِ: «بَعْدَ عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ: أَسْأَلُ اللَّهَ الجَنَّةَ، وَأَعُوذُ بِهِ مِنَ النَّارِ».
Нәсәидің Жәбирден (р.а.) жеткізген риуаятында: «Тәшәһһудті Құран сүресін үйренгендей үйренетінбіз: “Бисмилләһи уә билләһи, әт-тәхият...”», – делінген.
Бұл риуаятта «абдуһу уә расулуһ» дегеннен кейін мына сөз қосылған: «Әс’әлуллаһә әл-жәннәтә уә әғузу биһи минән-нәр». Мағынасы: «Алладан жәннатты сұраймын әрі тозақтан Оған сыйынамын».1
Түсіндірме
Суюти «Зәһрур-руба» атты еңбегінде кейбір ғалымдардың осы хадиске сүйеніп, әттәхияттың соңында бұл дұғаны оқығанын айтады. Ғалымдардың көбі риуаяттың жету жолында қате барын көрсеткен.
- 1Нәсәи, Ифтитах: 194, (2, 243).