Хадис

Кутуб ситтә, № 2674

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
370. Киімнің тазалығы
Нөмірі
№ 2674 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
2674
Кутуб ситтә, № 2674 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَا يُصَلِّى فِي مَلَاحِفِنَا». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Айша (р.а.): «Алла елшісі (с.а.с.) біздің ішкиімдерімізді киіп намаз оқымайтын», – деген.1

Түсіндірме

Бұл хадисте Алла елшісінің (с.а.с.) әйелдердің денеге тікелей тиетін ішкиімін киіп намаз оқымағаны айтылған. Кей нұсқада «лухуф», енді бірінде «шуғур» сөзі келген, тағы бір нұсқада екеуі қатар айтылады. Екеуі де денеге тікелей киілетін ішкі киімді білдіреді. Хадис ғалымдарының түсіндіруінше, әйелдердің осындай киіміне етеккір қаны жұғуы мүмкін болғандықтан, Алла елшісі оларды киіп намаз оқудан сақтанған.

  1. 1Әбу Дәуіт, Таһарат: 134, (368); Тирмизи, Салат: 420, (600); Нәсәи, Зинәт: 116, (8, 217).