Хадис

Кутуб ситтә, № 2692

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
371. Әуретті жабу
Нөмірі
№ 2692 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 16
2692
Кутуб ситтә, № 2692 · тараудағы реті: 16Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «صَلَّى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي ثوْبٍ وَبَعْضُهُ عَلَىَّ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. وَلَهُ عَنْ مَيْمُونَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا مِثْلُهُ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Айша (р.а.): «Алла елшісі (с.а.с.) бір ұшы менің үстімде жатқан матаның екінші ұшымен оранып намаз оқыды», – деген. Әбу Дәуіт осыған ұқсас риуаятты Мәймунәдан (р.а.) да жеткізген.1

Түсіндірме

Мүслимдегі бір хадис бұл риуаятты түсіндіреді. Онда әзірет Айша (р.а.): «Алла елшісі (с.а.с.) түнде намаз оқығанда, мен оның қасында, хайыз күйінде жататынмын. Менің үстімдегі матаның бір ұшы Алла елшісінің үстінде еді», – деген.

Фиқыһ ғалымдары осы хадистен хайыз күйіндегі әйелдің қасында намаз оқуға болады деген үкім шығарған. Хадис, сондай-ақ, қан не өзге нәжіс жұқпаған әйелдің киімі таза болатынына дәлел.

  1. 1Әбу Дәуіт, Салат: 80, (631).