وَعَنْ مَيْمُونَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُصَلِّي وَأَنَا حِذَاءَهُ حَائِضٌ، وَرُبَّمَا أَصَابَنِي ثَوْبُهُ إِذَا سَجَدَ، وَكَانَ يُصَلِّي عَلَى الْخُمْرَةِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ. «الْخُمْرَةُ»: هِيَ مَا يَضَعُ عَلَيْهِ الرَّجُلُ وَجْهَهُ فِي سُجُودِهِ مِنْ حَصِيرٍ، أَوْ نَسِيجَةِ خَوْصٍ وَنَحْوِهِ مِنَ الثِّيَابِ، وَقَدْ يُطْلَقُ عَلَى الْكَبِيرِ مِنْ نَوْعِهَا.
Мәймунә (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) намаз оқығанда, мен хайыз күйінде оның тұсында болатынмын. Ол сәжде еткенде, кейде киімі маған тиіп кететін. Алла елшісі хумраның, яғни шағын төсеніштің үстінде намаз оқитын».1
Түсіндірме
1. Хадистегі төсенішке қатысты мәселелер алдыңғы риуаятта түсіндірілді.
2. Хадис хайыз күйіндегі әйелдің қасында намаз оқуға болатынын көрсетеді. Намаз оқып тұрған адамның киімі сол әйелге тиіп кетсе де, намазына кедергі келмейді.
- 1Бұхари, Салат: 21, 19, 107, Хайыз: 29; Мүслим, Мәсәжид: 273, (513); Әбу Дәуіт, Салат: 91, (656); Нәсәи, Мәсәжид: 44, (2, 57).