وَعَنْ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ مَنْ صَلَّى الْعِشَاءَ فِي جَمَاعَةٍ فَكَأَنَّمَا قَامَ نِصْفَ اللَّيْلِ، وَمَنْ صَلَّى الصُّبْحَ فِي جَمَاعَةٍ، فَكَأَنَّمَا صَلَّى اللَّيْلَ كُلَّهُ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَمَالِكٌ، وَأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Осман (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.): “Кім құптан намазын жамағатпен оқыса, түннің жартысын намазбен өткізгендей болады. Кім таң намазын жамағатпен оқыса, түні бойы намаз оқығандай болады”, – дегенін естідім».1
Түсіндірме
1. Кейбір ғалымдар хадистің сыртқы мағынасына сүйеніп, құптанды жамағатпен оқудың сауабы түннің жартысында нәпіл намаз оқығанға тең деген. Таң намазын жамағатпен оқудың сауабы түні бойы нәпіл намаз оқығанға тең екені айтылған.
Бұл түсіндірме Мүслимдегі нұсқаға сай. Әбу Дәуіттің риуаятында: «Кім құптанды жамағатпен оқыса, түннің жартысын құлшылықпен өткізгендей болады. Кім құптан мен таң намаздарын жамағатпен оқыса, бүкіл түнді құлшылықпен өткізгендей болады», – делінген.
Кей ғалымдар «Кім құптанды жамағатпен оқыса, түннің жартысын құлшылықпен өткізгендей болады» дегенді құптанды жамағатпен оқыған кісіге түн ортасына дейін намаз оқығандай сауап жазылады деп түсіндірген.
2. «Жамағат» сөзі мешітте жиналған қауымды да, үйде бірге намаз оқыған адамдарды да қамтиды. Дегенмен жоғарыдағы түсіндірмеде бұл сөзбен ең алдымен мешіт жамағаты меңзелетінін айттық.
- 1Мүслим, Мәсәжид: 260, (656), Муатта, Салатул-жамаға: 7, (1, 132); Әбу Дәуіт, Салат: 48, (555); Тирмизи, Салат: 165. (221).