Хадис

Кутуб ситтә, № 2805

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
387. Имамға қойылатын талаптар
Нөмірі
№ 2805 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 14
2805
Кутуб ситтә, № 2805 · тараудағы реті: 14Риуаят етуші: Ибн Әбу Әуфа (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ أَبِي أَوْفَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَقُومُ فِي الرَّكْعَةِ الْأُولَى مِنَ الظُّهْرِ حَتَّى لَا يَسْمَعَ وَقْعَ قَدَمٍ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Әбу Әуфа (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) бесін намазының бірінші рәкатындағы қиямды аяқ дыбысы басылғанға дейін созатын».1

Түсіндірме

Бұған дейін айтылғандай, жамағат намазға үлгеруі үшін алғашқы рәкаттарды ұзағырақ оқу – абзал.2 Тіпті таң намазында ол – уәжіп. Бұл риуаятқа қарағанда, Алла елшісі (с.а.с.) бесін намазында кейіннен қосылатын адамдардың аяқ дыбысы басылғанша қырағатты жалғастырған. Сол арқылы олардың бірінші рәкатқа үлгеріп, сауабынан құр қалмауына мүмкіндік берген.

  1. 1Әбу Дәуіт, Салат: 129, (802).
  2. 2№2550 хадиске қараңыз.