وَلَفْظُ مَالِكٍ: «مَنْ أَدْرَكَ الرَّكْعَةَ فَقَدْ أَدْرَكَ السَّجْدَةَ، وَمَنْ فَاتَتْهُ قِرَاءَةُ أُمِّ الْقُرْآنِ فَقَدْ فَاتَهُ خَيْرٌ كَثِيرٌ».
Қазақша аудармасы
«Муаттада» былай делінген: «Рәкатқа үлгерген кісі сәждеге де үлгереді. Кім “Фатиханы” оқуға үлгермесе, мол игіліктен құр қалғаны».1
Түсіндірме
Бұл хадистің мазмұны №2391 және №2392 хадистерде кеңірек түсіндірілген. Мұнда оның екі маңызды тұсын ғана келтіреміз:
• Екінті намазының бір рәкатын өз уақытында оқыған кісі намаз уақыты өтіп кетсе де, оны аяқтайды. Ғалымдар бұл намазды бірауыздан жарамды санаған.
• Ахмад, Шафиғи мен Мәлик таң намазына да осы үкімді қолданған. Ханафилер күн шықса, таң намазы бұзылады деп үкім берген.
- 1Бұхари, Мауақитус-Салат: 29; Мүслим, Мәсәжид: 162, (607); Муатта, Уқутус-Салат: 18, (1, 11); Әбу Дәуіт, Салат: 156, (893).