Хадис

Кутуб ситтә, № 2865

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
390. Жұма намазының уақыты мен азаны
Нөмірі
№ 2865 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
2865
Кутуб ситтә, № 2865 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

وَعَنْ سَهْلٍ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنَّا نُصَلِّي مَعَ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ الْجُمُعَةَ ثُمَّ تَكُونُ الْقَائِلَةُ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا النَّسَائِيَّ. وَفِي أُخْرَى: «مَا كُنَّا نَقِيلُ وَلَا نَتَغَدَّى إِلَّا بَعْدَ الْجُمُعَةِ». وَعَنْ سَلَمَةَ بْنِ الْأَكْوَعِ: «ثُمَّ نَنْصَرِفُ مِنَ الْجُمُعَةِ وَلَيْسَ لِلْحِيطَانِ ظِلٌّ نَسْتَظِلُّ بِهِ».

Қазақша аудармасы

Саһл ибн Сағд (р.а.): «Пайғамбармен (с.а.с.) бірге жұма намазын оқитынбыз. Содан кейін түс әлетінде көз шырымын алатынбыз», – дейді. Басқа нұсқасында: «Жұма намазынан кейін ғана көз шырымын алып, түскі асымызды ішетінбіз», – деген. Тирмизи мен «Муаттадан» өзге жинақтарда Сәләмә ибн әл-Әкуа: «Жұма намазынан шыққанымызда, қабырғалардың саялайтындай көлеңкесі болмайтын», – дейді.1

  1. 1Бұхари, «Жұма», № 938–939. Мүслим, «Жұма», № 859–860.