Хадис

Кутуб ситтә, № 2882

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
392. Намаз бен құтбадағы қырағат
Нөмірі
№ 2882 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
2882
Кутуб ситтә, № 2882 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Сәмура ибн Жундуб (р.а.)

وَعَنْ سَمُرَةَ بْنِ جُنْدُبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقْرَأُ فِي الْجُمُعَةِ بِسَبِّحِ اسْمَ رَبِّكَ الْأَعْلَى، وَهَلْ أَتَاكَ حَدِيثُ الْغَاشِيَةِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Сәмура ибн Жундуб (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) жұма намазында ﴿سَبِّحِ اسْمَ رَبِّكَ الْأَعْلَى﴾ “Ұлық, асқақ Раббыңның есімін ұлықта!”1 деп басталатын “Ағла” сүресі мен ﴿هَلْ أَتَاكَ حَدِيثُ الْغَاشِيَةِ﴾ “Саған жер-жаһанды түгел қамтушы алапат құбылыс туралы хабар жетті ме?!”2 деп басталатын “Ғашия” сүресін оқитын».3

  1. 1«Ағла» сүресі, 1-аят.
  2. 2«Ғашия» сүресі, 1-аят.
  3. 3Әбу Дәуіт, «Намаз», № 1125. Нәсәи, «Жұма», № 1422.