Хадис

Кутуб ситтә, № 2900

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
394. Жолаушы намазы
Нөмірі
№ 2900 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 5
2900
Кутуб ситтә, № 2900 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مِنَ الْمَدِينَةِ إِلَى مَكَّةَ. فَكَانَ يُصَلِّي رَكْعَتَيْنِ رَكْعَتَيْنِ، حَتَّى رَجَعْنَا إِلَى الْمَدِينَةِ. قِيلَ لَهُ: أَقَمْتُمْ بِمَكَّةَ شَيْئًا؟ قَالَ: أَقَمْنَا بِهَا عَشْرًا». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісімен (с.а.с.) бірге Мәдинадан Меккеге бет алдық. Ол Мәдинаға қайтып келгенімізге дейін намаздарын екі рәкаттан оқыды». Әнәстен: «Меккеде қанша уақыт болдыңдар?» – деп сұрағанда, ол: «Он күн болдық», – деді.1

  1. 1Бұхари, Тақсир: 1, Мағази: 52; Мүслим, Салат әл-Мусафирин: 15, (693); Әбу Дәуіт, Салат: 279, (1233); Тирмизи, Салат: 392, (548); Нәсәи, Таксир әс-Салат: 4, (3, 121).