Хадис

Кутуб ситтә, № 2902

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
394. Жолаушы намазы
Нөмірі
№ 2902 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 7
2902
Кутуб ситтә, № 2902 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Имран ибн Хусайн (р.а.)

وَعَنْ عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «شَهِدْتُ عَامَ الْفَتْحِ مَعَ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِمَكَّةَ، فَأَقَامَ بِمَكَّةَ ثَمَانِيَ عَشَرَةَ لَيْلَةً لَا يُصَلِّي إِلَّا رَكْعَتَيْنِ وَيَقُولُ: يَا أَهْلَ الْبَلَدِ صَلُّوا أَرْبَعًا فَإِنَّا سَفْرٌ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. «السَّفْرُ» الْقَوْمُ الْمُسَافِرُونَ.

Қазақша аудармасы

Имран ибн Хусайн (р.а.) былай дейді: «Мекке алынған жылы Алла елшісімен (с.а.с.) бірге Меккеде болдым. Ол сонда он сегіз түн қалып, намазды екі рәкаттан ғана оқыды. “Уа, қала тұрғындары! Намазды төрт рәкат етіп оқыңдар. Біз жолаушымыз”, – дейтін»1. «Сәфр» – жолаушылар тобы.

  1. 1Әбу Дәуіт, Салат: 270, (1229).