وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ ثَابَرَ عَلَى ثِنْتَيْ عَشْرَةَ رَكْعَةً مِنَ السُّنَّةِ بَنَى اللَّهُ لَهُ بَيْتًا فِي الْجَنَّةِ: أَرْبَعَ رَكَعَاتٍ قَبْلَ الظُّهْرِ وَرَكْعَتَيْنِ بَعْدَهَا، وَرَكْعَتَيْنِ بَعْدَ المَغْرِبِ، وَرَكْعَتَيْنِ بَعْدَ الْعِشَاءِ، وَرَكْعَتَيْنِ قَبْلَ الْفَجْرِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِيُّ. «الْمُثَابَرَةُ» الْمُوَاظَبَةُ.
Қазақша аудармасы
Айша (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) мына сөзін жеткізеді: «Сүннеттен он екі рәкатты үзбей оқыған адамға Алла жәннатта үй салады. Ол – бесіннен бұрын төрт және кейін екі, ақшамнан кейін екі, құптаннан кейін екі, таң намазынан бұрын екі рәкат»1. «Мусәбара» – бір істі үзбей орындау.
- 1Тирмизи, «Салат», 206 (№ 414). Нәсәи, «Қиям әл-ләйл», 66 (3/260). Ибн Мәжа, «Иқамат», 100 (№ 1142).