وَلِمَالِكٍ عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ دِينَارٍ أَنَّ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عُمَرَ كَانَ يَقُولُ: «صَلَاةُ الْمَغْرِبِ وِتْرُ صَلَاةِ النَّهَارِ».
Қазақша аудармасы
«Муаттада» Абдулла ибн Динар Абдулла ибн Омардың (р.а.) мына сөзін жеткізген: «Ақшам намазы – күндізгі намаздың үтірі».1
Түсіндірме
Күндізгі өзге намаздар жұп рәкаттан тұрады. Ақшам намазы үш рәкат болғандықтан, күндізгі намаздардың тақ саны, яғни үтірі саналады.
- 1Мәлик, «Муатта», «Салатул-ләйл», 22 (1, 125), № 276. Мұнда Ибн Омардың сөзі ретінде берілген. Ибраһим Жанан 9-томның 301-бетінде оны Пайғамбарға (с.а.с.) теліп келтіреді.