Хадис

Кутуб ситтә, № 3049

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
409. Жұма мен айт намаздарының бір күнге түсуі
Нөмірі
№ 3049 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 8
3049
Кутуб ситтә, № 3049 · тараудағы реті: 8Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَأْخُذُ يَوْمَ الْعِيدِ فِي طَرِيقٍ ثُمَّ يَرْجِعُ فِي طَرِيقٍ آخَرَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) айтты: «Алла елшісі (с.а.с.) айт намазына бір жолмен барып, басқа жолмен қайтатын».1

Түсіндірме

Хадис айт намазына барғанда бір жолмен, қайтқанда басқа жолмен жүрудің мұстахаб екенін көрсетеді. Бұл имамға да, оған ұйыған кісіге де қатысты. Көпшілік ғалым осы үкімді құптаған. Ал Пайғамбардың (с.а.с.) әртүрлі жолмен барып қайтуының хикметін ғалымдар түрліше түсіндірген.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Салат», 254 (1156).