Хадис

Кутуб ситтә, № 324

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
41. Бәйғул-ғарар және басқа сауда түрлері
Нөмірі
№ 324 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 21
324
Кутуб ситтә, № 324 · тараудағы реті: 21Риуаят етуші: Әбу Әйюб (р.а.)

وَعَنْ أَبِي أَيُّوبَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ فَرَّقَ بَيْنَ وَالِدَةٍ وَوَلَدِهَا فَرَّقَ اللَّهُ بَيْنَهُ وَبَيْنَ أَحِبَّتِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Әйюб (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) “Кім ана мен баланы бір-бірінен ажыратса, қиямет күні Алла оны жақындарынан айырады” дегенін естідім».1

Түсіндірме

Бұл тыйым күңдерге қатысты айтылған. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ананы біреуге, баласын басқа біреуге сатып, екеуін бір-бірінен ажыратуға тыйым салған. Келесі хадистерде де осындай мысалдар кездеседі. Бұл тыйымдардың бала тәрбиесіне не себепті қатысты екенін №326 хадистің түсіндірмесінде баяндаймыз.

  1. 1Тирмизи, «Буюғ», 52 (1283), «Сияр», 17 (1566).